Орал әкімінде жаңа орынбасар
Ол 30 жастағы Азамат Халелов болды.

Орал әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімінің орынбасары лауазымына 31 жастағы Азамат Халелов тағайындалды. Бұған дейін ол Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Ол осы лауазымда Асхат Құлбаевтың орнына келді, ол осы жылдың наурыз айында өз еркімен қызметінен кетті.
Азамат Халелов жаңа орында құрылыс, сәулет, кәсіпкерлік, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және жолаушылар көлігі мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Халелов Азамат Ерғалиұлы, 1993 жылы туған, білімі-жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық -техникалық университетін (есеп және аудит), Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін (Құқықтану) бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік саясат секторының бас маманың м.а. болып бастаған.
Әр жылдары істеген жұмысы:
- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік саясат секторының бас маманы, Орал қаласы;
- Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясаты және жоспарлау бөлімінің бас маманы, Орал қаласы;
- Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік-жекешелік әріптестігі дамыту бөлімінің бас маманы, Орал қаласы;
- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас инспекторы, Ақсай қаласы;
- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Ақсай қаласы;
- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Ақсай қаласы;
- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің кеңесшісі, Орал қаласы;
2023 жылдың 2 наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Енді ТКШ бөлімін кім басқаратыны әлі белгісіз.
