БҚО-да көлік ұрлаушы бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды

Ол мас күйінде болған.

Фото: Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері көлік ұрлаған адамды бейнебақылау камерасының көмегімен ұстады.

Оралда “102” операторына белгісіз біреуден авотұрақтан қоңыр түсті Kalina автокөлігін айдап кеткені туралы хабарлама түсіреді.

Аталған факті бойынша барлық жеке құрамға бағыт-бағдар беріледі. Белгілі болғандай күдікті алысқа кетіп үлгермеген, ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған, соның арқасында Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері ақпарат бойынша көлік ұрлаушының ізіне түседі.

Кейін бір сағат ішінде көлікті айдап әкетуші 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мас күйінде болған. Автокөлікті ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, ал жүргізушіге қатысты көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бейнебақылау камералары қылмыстарды ізін суытпай ашуда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда үлкен көмек көрсететінін айта кеткен жөн.

2024 жылы бейнебақылау арқылы 32 қылмыс, оның ішінде 4 тонау, 4 бұзақылық, 2 ұрлық және 4 айдап әкету қылмысы және басқа да 18 қылмыс ашылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-20
Утром-1.77 ℃
Днем-1.71 ℃
Вечером-1.42 ℃
Ночью-1.8 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.13 м/с
2025-01-21
Утром-6.08 ℃
Днем-9.41 ℃
Вечером-11.28 ℃
Ночью-12.31 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.18 м/с