Оралда жыл басынан бері 703 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша 703 Орал тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық арнайы белгіленген жерге тасталмаған қоқыс үшін ғана емес, сонымен қатар жасыл желектерді жою, зақымдау үшін айыппұл қарастырылған.

«ОА» фотоқорынан

Елімізде сәуір айында басталған ауқымды экологиялық акциясы бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да аталмыш акцияға белсенді атсалысып келеді. Бұл шараға өңіріміздегі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, кооперативтер, пәтер иелері және басқа да бірқатар ұйымдар белсенділікпен қатысты.

Сонымен қатар, жуырда су тасқыны салдарынан зардап шеккен саяжай және бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қоқысты жинау және оны шығару жеткіліксіз. Тазалықты сақтау үшін тұрақты жұмыс қажет. Саябақтар мен скверлерді, автобус аялдамаларын және қоғамдық пайдалану орындарын жүйелі түрде ретке келтіріп отыру қажет. Бірақ, өкінішке орай, мамыр айындағы демалыс күндері қалдықтар айтарлықтай көбейіп, тазалық акциясының нәтижесі көрінбеді.

Арнайы белгіленбеген жерлерде (темекі тұқылынан бастап пластикалық бөтелкелерге дейін) қоқыс тастау қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзады. Бұл үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жаза қарастырылған.

Көрнекі сурет

Егер қоқысты жеке тұлға қалдырса – айыппұл 20 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) немесе 73 840 теңгені құрайды. Шағын кәсіпкерлер көшеде қоқыс шығарғаны үшін 30 АЕК немесе 110 760 теңге төлейді, орта бизнес өкілдеріне 40 АЕК немесе 147 680 теңге айыппұл салынады. Ірі бизнес үшін ең көп жаза қарастырылған-100 АЕК немесе 369 200 теңге.

Құқық бұзушылықты қайта бұзғаны үшін айыппұл барлық санаттар үшін 10 АЕК-ке артады. Яғни жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін-300 айлық есептік көрсеткіш (1 107 600 теңге) мөлшерінде.

Егер сіз заңсыз полигонға немесе біреудің қоқысты дұрыс емес жерде қалдырғанына куә болсаңыз, бұл фактіні бойынша 102 пультіне хабарлауыңыз сұралады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастағаны үшін айыппұлды арттырмақ

Оралда абаттандыру ережелерін бұзғандарға айыппұл салынды

Оралдағы ҚТҚ үшін жаңа полигон қанша тұрады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-20
Утром-1.77 ℃
Днем-1.71 ℃
Вечером-1.22 ℃
Ночью-2.2 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.13 м/с
2025-01-21
Утром-6.08 ℃
Днем-9.41 ℃
Вечером-11.28 ℃
Ночью-12.31 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.18 м/с