Қазақстанда жұмыссыз адамдар саны жүз мыңдап саналады

Өткен жылы жұмыссыз ретінде тіркелген 95,1 мың адам ақыры жұмыс таппай кеткен. Олардың саны биыл 1,6%-ға көп.

Фото: ашық дереккөз

2023 жылдың соңында Қазақстанда 452,2 мың жұмыссыз адам анықталған болатын.

Finprom сайтының жазуынша, бұл – бір жыл бұрынғыдан 1,3%-ға аз.

Ең көп жұмыссыздар саны Алматы қаласы (52,5 мың адам), Түркістан (41,7 мың адам) және Алматы облыстарында (34,8 мың адам) болды. Жұмыссыздар ең аз өңір Ұлытау (4,4 мың адам), Солтүстік Қазақстан (13,8 мың адам) және Абайда (14,8 мың адам) тіркелген.

Жұмыссыздардың басым бөлігі 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеп жүрген. 113,5 мың адам бір айдан аз, 109,5 мың адам 3 айдан 6 айға дейін, 57,2 мың адам 6 айдан 12 айға дейін, 54,7 мың адам бір жылдан астам жұмыс іздеген. 732 адам кәсіп бастаған.

Өткен жылы жұмыссыз ретінде тіркелген 95,1 мың адам ақыры жұмыс таппай кеткен. Олардың саны биыл 1,6%-ға көп.

94,7 мың жұмыссыз өз еркімен, 88,9 мың адам отбасылық жағдайына байланысты жұмыссыз қалған. 45,6 мың адам үй шаруасында, 43,2 мың адам ұйымның таратылуына және штаттың қысқартылуына байланысты жұмыссыз қалған.

Жоғары білімділер сұранысқа ие болуы мүмкін

Зейнеткерлікке шығуына байланысты 2,6 мың адам жұмыстан шығарылса, бір жыл бұрын 8,4 мың адам зейнет демалысына кеткен. Күндізгі оқу нысаны есебінен 1,2 мың адам жұмыссыз қалды, бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 63,5% аз.

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі – 4,7%. Бір жыл бұрын 4,9% болды.

Қазақстанда жоғары білімді мамандар барынша сұранысқа ие болады деген болжам бар. Жоғары білімі бар азаматтар арасында жұмыссыздық деңгейі – 3,8%, техникалық және кәсіптік білімі барлар – 3,7%, орта кәсіптік-арнайы білімі барлар 5,6%, бастауыш кәсіптік білімі барлар – 6%, жалпы орта білімі барлар – 8,7%, негізгі орта біліммен – 18,8%, бастауыш біліммен – 17,1%.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстандықтарға су басқан өңірлерде жаңа бос орындар ұсынылды

Тәрбиеші, күзетші, жүргізуші: Ең көп сұранысқа ие қызмет түрлері белгілі болды

6 айға дейін жәрдемақы алуға болады – жұмыссыз қалған жағдайда не істеу керек

Қазақстанда жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы жазбаша ақпарат беруден босатылады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-16
Утром11.2 ℃
Днем22.85 ℃
Вечером21.45 ℃
Ночью14.99 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.39 м/с
2026-08-17
Утром12.77 ℃
Днем24.58 ℃
Вечером26.02 ℃
Ночью19.93 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.1 м/с