БҚО мемлекеттік мекемелер кәсіпкерлерге заңсыз талаптар қойғаны белгілі болды
Олар үш жұмыс күні ішінде тауардың үлгісін көрсетуді талап еткен.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу порталын зерделеу барысында көптеген мемлекеттік мекемелерде жүйелі сипатқа ие болған тапсырыс берушілердің техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген заңсыз талаптарды анықтады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз практика тоқтатылып, 15 кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Орал қаласы білім беру бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ-сі 2024 жылы мемлекеттік сатып алу веб-порталында 21 хабарландыруды орналастыра отырып, барлық хабарландырулардың техникалық ерекшеліктерінде шаруашылық меңгерушілерінің телефон нөмірлерін көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың техникалық сипаттамаларын тапсырыс берушімен алдын ала келісу талабын қойғаны анықталды.
Хабарландырулардағы ұқсас талаптарды басқа білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік ұйымдар да белгілеген.
Мысалы, «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сі 2024 жылғы 4 наурыздағы хабарландыруда 3 жұмыс күні ішінде тауар үлгісін көрсету туралы талап қойған.
Осылайша, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген талаптарды қою, атап айтқанда, тауарларды жеткізушінің тапсырыс берушілермен алдын ала келісуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға әкеп соғуы мүмкін.
Облыста «Бизнеске жол» жобасы аясында Департаментпен облыстың жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді белгілеу бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде.
