БҚО-ның су тасқынынан зардап шеккен аудандарында суды дезинфекциялау жұмыстары аяқталды
Оралдағы саяжайларда дезинфекциялау жұмыстары су кеткен соң басталады.

Орталықтандырылған су жүйесінен суды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 1625 су сынамасы зерттеуге алынды, оның ішінде 817 сынама микробиологиялық зерттеулерге және 808 сынама санитарлық-химиялық зерттеулерге алынды.
«Орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды зерттеу үшін санитарлық-микробиологиялық 17 сынама және санитарлық-химиялық зерттеулерге 17 сынама алынды»,-деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Судың сапасы мен қауіпсіздігін зертханалық талдау нәтижелері алынған барлық сынамаларда жұқпалы аурулардың өршу қаупінің жоқтығын көрсетті.

Су кеткен аудандардың елді мекендерінде, яғни Бәйтерек, Қаратөбе, Бөрлі, Теректі, Сырым аудандарындағы тұрғын үйлерді, сондай-ақ Қазталов ауданының су басқан 2 су құбырын дезинфекциялау шаралары аяқталып келеді, одан кейін су сараптамасы жүргізілді.
Барлығы 724 тұрғын үй, 577 кәріз, 3 су құбыры (Сырым ауданы Қосарал ауылының 1 су құбыры, Казталов ауданы Казталовка және Әжібай ауылының 2 су құбыры) дезинфекцияланды.
Су құбырларын дезинфекциялаудан кейін ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау жүргізіліп, оның нәтижелері нормативке сәйкес екендігі анықталды.
Ал, Оралдағы саяжайларда дезинфекциялау жұмыстары су кеткен соң басталады.
