Шаруалар үшін: Көктемгі егіс жұмыстарына 500 миллиард теңге бөлінеді

Бұл туралы Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген қаржыландыруды бөлу туралы кеңесте айтылды.

Фото: ашық дереккөзден

Талқылауға Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Бәйтерек» холдингінің басшылығы қатысты.

Азық-түлік корпорациясының форвардтық сатып алуы үшін 40 млрд теңге, «Кең дала – 1» бағдарламасы бойынша 140 млрд теңге бөлінді. «Кең дала – 2» бойынша қазірдің өзінде 22,5 млрд теңгеге 295 өтінім қабылданса, оның 81-і жалпы 3,6 млрд теңгеге мақұлданған. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірушілері тарапынан «Кең дала – 2» бойынша жеңілдікті қаражат бөлу кезінде АКК тарапынан асыра көтерілген талаптарға өтініштер келіп түседі.

Келіп түскен өтініштер әртүрлі. Мысалы: соңғы үш жыл ішінде егілген алқаптар мен егістер туралы мәліметтерді растау, меншігінде не уақытша өтеулі пайдалану құқығында егіс алқаптарының болуы, ауыл шаруашылығы қызметінің үш жылдық тәжірибесі, артық ылғалдан сақтандыру және басқа да өтініштер бар.

«Көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін ақша еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі және әрбір сұранысқа жеке-жеке қарау керек. Жақын арада Үкімет резервінен және жергілікті бюджеттерден пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін 100 млрд теңге бөлінетін болады, бұл көктемгі егіс жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жылдық 5%-бен қосымша 400 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді. Фермерлер бұл қаражатты кідіріссіз алуы керек», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

2024 жылы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі 580 млрд теңгені құрайды. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда үш есеге көп.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Көктемгі егін егу жұмыстары: Аграрлық несие корпорациясы 2,4 млрд теңге бөлді

БҚО-да көктемгі дала жұмыстарына 8,5 тонна дизель отыны бөлінді

БҚО Тасқала ауданында фермерлердің алдағы егіске себетін тұқымы жоқ

Дабыл мен үміт: Қазақстанда жаппай су тасқынынан кейін егін бола ма

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-18
Утром19.87 ℃
Днем28.54 ℃
Вечером31.31 ℃
Ночью22.71 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.16 м/с
2026-08-19
Утром17.57 ℃
Днем32.07 ℃
Вечером34.37 ℃
Ночью25.8 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.56 м/с