Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сақтандыруға міндеттелуі мүмкін

Сенатор Бибігүл Жексенбай төтенше жағдайдың залалын өтеудің жаңа тәсілдерін ұсынды.

Биыл тасқын судан 13 мыңға жуық жеке тұрғын үй зардап шекті. Сенатор Бибигүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында төтенше жағдайлар кезіндегі шығындарды өтеудің жаңа жолдарын ұсынды.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан аумағының 75%-ы табиғи апат қаупі жоғары аймақтарға жатады. Бұл табиғи апаттан сақтандыру мәселесіне ерекше назар аударуды талап етеді. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, табиғи және техногендік апат аймағы бар елдерде ықтимал ауқымды шығындарға байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы арнайы сақтандыру қорлары мен міндетті сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Шығындарды жабу үшін мемлекеттік қорлар құрылады, жетекші халықаралық қайта сақтандырушылардың міндетті қайта сақтандыру есебінен қаржының жинақталуы сақталып тұрады.

Ешбір ел өз аумағында болған апат тәуекелінен залалды дербес өтей алмайды. Табиғи апаттардан төтенше жағдайлар кезінде келтірілген залал отандық сақтандыру жүйесінің дамымағандығынан өте сирек өтеледі. Мұндай жағдайда зардап шеккендерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың қаржылық мәселелерін шешу ауыртпалығын түгел дерлік жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі көтереді. Елімізде халықты жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыруды енгізу мүмкіндігі соңғы жиырма жылда кезең-кезеңімен талқыланып келеді. Алайда, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі, мақсаттағы жүргізілмегендіктен, елімізде сақтандыру компанияларына сенім төмен, сақтандыру мәдениеті қалыптаспаған, – деді Бибігүл Жексенбай.

Сенатор осыған байланысты Үкімет басшысына тұрғын үйді міндетті сақтандыруды талқылау үшін мекемеаралық комиссия құруды ұсынды. Төтенше шығындарды өтеу тұрғысынан отандық сақтандыру компанияларының мүмкіндіктеріне талдау жасау керек. Төтенше жағдай қаупі туралы алдын алу шараларын қабылдау барысында халыққа ескерту үшін барлық жағдайды қарастыру керек. Одан басқа, халықты табиғи апаттан қорғауға бағытталған тиісті заң жобасы әзірленуі тиіс және онда қалпына келтірілген тұрғын үйді азаматтардың меншігіне берудің нақты тәртібін реттеу мен сақтандыру ұсынылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.55 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с