Шешенстаннан 31 жыл бұрын көшіп келген әйел енді ғана Қазақстан азаматтығын алды
Көптеген жылдар бойы ол азаматтығы жоқ адамның төлқұжаты бойынша өмір сүрді.
БҚО ПД Тасқала аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің инспекторлары 1993 жылы ақпанда Шешенстандағы соғыста жарақат алып, Қазақстанға көшіп келген Людмила Садықоваға көмектесті.
Людмила Садықова ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмады. Өйткені Шешенстаннан растайтын құжаттар қажет болды. Полиция қызметкерлері азаматтығы жоқ адамның танылуына құжаттарды жинауға көмек көрсетті.
«Полиция қызметкерлері Л.Садықованың азаматтығы жоқ адам ретінде танылуы үшін құжаттар жинауға қолұшын берді. Көп жылдар бойы ол азаматтығы жоқ адамның төлқұжаты бойынша өмір сүрді. Полиция жағдайға түсіністікпен қарады. Тасқала ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметінің қызметкері, полиция майоры Ғалым Әбілқайыров құжаттарды алуға көмектесті. Жеке басын растау үшін қажетті өтініштер жіберілді. Нәтижесінде Людмила Садықова арада 31 жыл өткен соң Қазақстан азаматтығын және көптен күткен құжаттарын алды» деп хабарлады ведомстводан.