Елімізде енді атаулы әлеуметтік көмекті алуға ниеттілердің табысы басқаша есептеледі

Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмекті алуға ниеттілердің жиынтық кірісін есептеу қағидалары өзгертіліп жатыр.

Фото: ru.sputnik.kz

Енді өнімді сатудан, тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сатқаннан түскен кірістен бөлек, кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс та есептелмек. Айлық кіріс салық аударымдарына байланысты саналады. Яғни декларациялаған таза табысы айларға бөлінеді.

Егер орташа сома 25 АЕК, яғни 92 300 теңгеден төмен болса, осы сома отбасының жиынтық кірісі болып көрсетіледі.

Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау ережелері де өзгертіліп отыр. Соған сәйкес, мансап орталығы не әкім өтініш беруші жайлы мәліметтерді «электронды үкімет» порталынан сұрата алады. Платформада өтініш берушінің жеке куәлігі, босқын, қандас мәртебесі және шетел азаматы екенін растайтын құжат қолжетімді.

Келесі бір түзету «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының мәртебесі» деп аталады. Бұрын бұл тармақ тек жеке кәсіпкерлікке қатысты еді. Бұдан бөлек «іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі» жайлы ақпараттың жаңа түрі қосылып отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-19
Утром17.74 ℃
Днем33.36 ℃
Вечером34.26 ℃
Ночью24.52 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.25 м/с
2026-08-20
Утром21.17 ℃
Днем33 ℃
Вечером32.93 ℃
Ночью24.33 ℃
Влажность20 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.76 м/с