Ералы Тоғжанов Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Ералы Тоғжанов Премьер-Министр Олжас Бектеновтың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Үкімет басшысының баспасөз қызметі растады.

Ол 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы ретінде бастаған.

1988-2001 жылдары — Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университетінің филиалының директоры.

2001-2006 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасы.

2008-2017 жылдары — Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысының әкімі.

2019-2020 жылдары — ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

2020 жылы 11 ақпанда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.

2022 жылғы 31 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Ол 2023 жылғы 5 қыркүйекте бұл қызметінен босатылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-06
Утром-1.2 ℃
Днем0.06 ℃
Вечером-1.01 ℃
Ночью0 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.34 м/с
2026-03-07
Утром-2.54 ℃
Днем-5.51 ℃
Вечером-8.94 ℃
Ночью-12.43 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.95 м/с