«489 млрд теңге тиімсіз жұмсалған»: 6 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды

80 адам ескерту және қатаң ескерту алды, 72 адамға сөгіс және қатаң сөгіс жарияланды, ал 6-уы жұмыстан босатылған.

Фото: ашық дереккөзден

Былтыр бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың 158 қызметкері жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді.

«2023 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 489 млрд теңгені қурады», – деді Темірбеков мәжілісте үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырып.

Тиімсіз пайдаланылған қаражаттың 87,2 млрд теңгесі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдық, 143,2 млрд теңгесі – игерілмеген бюджет қаражаты, пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, 258,5 млрд теңгесі – мемлекеттік аудит және бақылау қорытындылары бойынша анықталған бюджет жүйесі қағидаттарының бұзылуы.

«Бюджет қаражатын тиімді және толық игеру үшін әкімшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында шаралар қабылданды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірқатар қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді вице-министр.

Слайдтан байқағанымыздай, 158 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 141- і басшылық лауазымды атқарады. Орталық мемлекеттік органдарда 50 қызметкер, жергілікті атқарушы органдарда 108 қызметкер жауапқа тартылды.

Дәлірек айтқанда, 80 адам ескерту және қатаң ескерту алды, 72 адамға сөгіс және қатаң сөгіс жарияланды, ал 6-уы жұмыстан босатылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-23
Утром18 ℃
Днем24.97 ℃
Вечером24.99 ℃
Ночью19.12 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.46 м/с
2024-07-24
Утром16.23 ℃
Днем19.53 ℃
Вечером16.25 ℃
Ночью15.44 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра4.72 м/с