Оралдағы су басқан саяжай қоғамдарынан су қалай сорылып жатыр

Саяжай қоғамдарының көптеген учаскелері әлі суда тұр.

Фото: БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күні бүгін Орал қаласында «Речник», «Венера», «Евразия» лагері, «Курени» аудандары, «Березка 1», «Березка 2», «Автомобилист», «Мичуринское» («Самал 3»), «Труд», «Волна» (телеорталық ауданы), «Восход» бау-бақша бірлестіктері және Бәйтерек ауданы Мичурин кенті маңдарында жерасты суларын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Департамент мамандарының түсіндіруінше, жерасты сулары жер бетіне шығып кетіп жатыр.

«Қазіргі таңда Орал қаласында жерасты суларын соруға жеке құрамнан 34 адам, 8 техника, 26 мотопомпа, 2 СНП-500 сорғысы тартылған. Сондай-ақ Бәйтерек ауданы Мичурин кентінде 2 адам 1 техника, 1 мотопомпамен жұмыс жасауда. Осы кезге дейін облыс бойынша барлығы 2 млн 543,516 мың текше метр су сорылды. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаменті және полиция департаменті қызметкерлері су басқан аумақтарды патрульдеу ісін атқаруда», – деп хабарлады ведомстводан.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 17 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 7 ( қазіргі деңгейі – 727 см), Оралда 5 (733 см), Көшімде 2 (762 см), Тайпақта 8 (900 см) сантиметрге түсті. Сондай-ақ Көшім каналында 4 сантиметрге (712 см) төмендеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-20
Утром13.92 ℃
Днем19.77 ℃
Вечером18.51 ℃
Ночью16.49 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.85 м/с
2025-05-21
Утром13.71 ℃
Днем19.68 ℃
Вечером18.94 ℃
Ночью12.6 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра9.03 м/с