БҚО-да жер учаскесін жалға беруді ұзартудан негізсіз бас тартқан
Шаруа қожалығының басшысы болса жер учаскесін адал пайдаланып, ауыл шаруашылығын дамытумен айналысқан.

Бұл туралы Қазталов ауданына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов мәлімдеді.
Департамент мемлекеттік сатып алу порталын зерделеу барысында тапсырыс берушілердің техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген заңсыз талаптарды анықтады.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған 83 хабарландыруда негізсіз талаптарды білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала ұйымдары белгілеген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз практика тоқтатылып, 15 кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында Казталов ауданының әкімдігі кәсіпкерге шаруа қожалығын жүргізуге жер учаскесін жалға беруді ұзартудан негізсіз бас тартқанын анықтады.
Сонымен қатар, шаруа қожалығының басшысы жер учаскесін адал пайдаланып, ауыл шаруашылығын дамытумен айналысқан.
Осылайша, Казталов ауданының әкімдігі кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзды.
Департаменттің ұсынысымен әкімдіктің жер учаскесін ҚР жер қорына қайтару туралы қаулысының күші жойылып, кәсіпкерге жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту туралы қаулы шығарылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Мұратбек Қасымов бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзумен байланысты фактілерді жасауға жол берілмейтінін атап өтті.