Оралға осы жылдың маусым айында Жапониядан арнайы мамандар келеді

Былтырғы жылы Жапониялық «Хитачи» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, Орал қаласы жылу электр орталағының газ турбиналы қондырғысын жөндеу бойынша келісім жасалды.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің суреті

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында 2-ші, 3-ші және 18-ші кәріздік сорғы станцияларын, 5-ші жылу магистралі мен Дауымов көшесіндегі су өткізу құбырларын жаңғырту жұмыстарымен танысып, мамандармен кездесті.

«Биыл өңірімізде коммуналдық салада ірі жобалар іске қосылады. 1974 жылы салынған қаламыздың 150 мың-ға жуық тұрғынын қамтамасыз етіп отырған 2,3 және 21-ші кәріздік сорғы станциялары түгелдей жаңартылады, қосымша қаланың Құрылысшы, Қадыр Мырза Әлі, Жаңа Орда шағын аудандарын және «ескі аэропорт» ауданын онда 150 мың тұрғынды қамтитын 18-ші КСС (кәріздік сорғы станциясы) құрылысы басталатын болады. Сонымен қатар, Орал қаласының Ақжайық шағын ауданындағы және Солтүстік-Шығыс бағытындағы қосалқы электр станциялары, электр таратушы компанияның жұмысын жеделдету үшін Зашаған кентінде жөндеу-өндірістік базасы және жылу желілері бойынша 70 мың адамды қамтитын 5-ші жылу магистралі жөнделіп жатыр.
Қала тұрғындарына мәлім, былтырғы жылы Жапониялық «Хитачи» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, Орал қаласы жылу электр орталағының газ турбиналы қондырғысын жөндеу бойынша келісім орнаған болатын. Осыған байланысты, осы жылдың маусым айында Жапониядан арнайы мамандар келіп, тиісті жұмыстарды іске асыратын болады. Осы орайда тиісті сала басшыларына, барлық аудан, қала әкімдеріне жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтауды қатаң бақылауда ұстауды және сапалы орындауды тапсырамын»,- деді өңір басшысы.

Бұдан бөлек, Нариман Төреғалиев Орал қаласы мен Бөрлі ауданы әкімдіктеріне (Ақсай қаласы) Мүлік иелерінің бірлестіктерімен бірге көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындауды тапсырды.

Жылыту маусымына өңірдегі барлық нысандардың дайындығы мен құрылысын аяқтау жұмыстарын қадағалау облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық аудан-қала әкімдері мен облыс әкімінің орынбасарларына жүктелді.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің суреті

Сонымен қатар, жақында ғана елімізде Жапониямен гидротехникалық құрылыстарды тексеру бойынша бірлесіп жұмыс жүргізу жоспарланды. Жапония мен Қазақстан су тасқынымен тиімді күресуде гидротехникалық құрылыстарды нығайту үшін күш біріктірмекші. Бірлескен жұмыс биылғы жылдың маусым айында басталуы мүмкін.

Фото: Су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

Ықтимал ынтымақтастықтың егжей-тегжейлерін Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз бен Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің өкілі Каната Томохиро талқылады. Жиын Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Жапония қазір көмек көрсетудің екі нұсқасын қарастыруда. Бірінші нұсқа Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігімен бірлескен жұмысты болжайды. Екінші нұсқа Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) өзара іс-қимылды қамтиды, ол биылғы жылдың маусымында техникалық қолдау көрсетуге дайын.

«Мен жапондық серіктестерімізге сұранысымызға жедел жауап бергені үшін алғыс айтамын. Біз бастау үшін барлық қажетті деректерді беруге дайынбыз. Қазір біздің мамандар нысандарға бастапқы зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жапондық заманауи технологиялар қажетті жұмыс көлемін дәл анықтауға көмектеседі», – деді Болат Бекнияз.

Жапон тарапы мүмкіндігінше тезірек күшейтуді қажет ететін басым құрылымдардың тізімін сұрады. Бұл деректер JICA өкілдеріне көрсетілетін болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с