Оралдағы вокзалды күрделі жөндеуге 1,7 млрд теңге жұмсалады

Ғимарат соңғы рет 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен.

«ОА» мұрағатынан

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетовтың айтуынша, біздің облыс арқылы келесі теміржол маршруттары өтеді:

  • «Алматы-Саратов» халықаралық пойызы;
  • Облысаралық пойыздар» «Орал – Астана», «Орал – Алматы», «Орал – Маңғышлақ»;
  • «Орал-Семиглавый Мар» және «Орал-Шыңғырлау» ауданаралық қатынастары.

Субсидиялау «Орал – Семиглавый Мар» және «Орал-Шыңғырау»әлеуметтік маңызы бар маршруттары үшін бөлінеді. Мәселен, 2022 жылы 199,6 миллион теңге, 2023 жылы 218 миллион теңге бөлінді. Өткен жылы 67 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Биыл бұл бағыттарды субсидиялауға 209 миллион теңге бөлінді.

Айта кету керек, Орал вокзалдары мен Қазақстан станциясына техникалық тексеру жүргізілді. Мамандар ақаулы акт жасады, оның қорытындысы бойынша теміржол вокзалын күрделі жөндеуге қажетті сома 1,7 миллиард теңгені, Қазақстан станциясын жөндеуге – 722 миллион теңгені құрады.

-Қазіргі уақытта жобалық – сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталды, – деп атап өтті Бауыржан Айтмағамбетов.

Сонымен қатар, соңғы рет Орал вокзалы 2012 жылы күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттың өзі 1983 жылы салынған. Нысанның жалпы ауданы 5716 шаршы метрді құрайды. Өткізу қабілеті-тәулігіне 900 жолаушы.

Қазақстан станциясына келетін болсақ, ол Ақсайда орналасқан. Ғимарат 1937 жылы салынған, жалпы ауданы 776 шаршы метр. Өткізу қабілеті – тәулігіне 50 жолаушы. Күрделі жөндеу соңғы рет 2014 жылы жүргізілді.

Айтмағамбетовтың айтуынша, жобаларды «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ компаниясы іске асыратын болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с