БҚО-да 4 957 га күздік дәнді дақылдар су астында қалған

Аудан және қала әкімдіктері ұсынған жедел ақпараттарға сәйкес бүгінде су тасқынынан күздіктер егісі, жылыжай мен шаруашылық жанындағы қоймадағы тыңайтқыштар бүлінген.

«ОА» мұрағатынан

БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің мәлім еткеніндей, өңірдегі су тасқынының болуына қарамастан, көктемгі далалық жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығына сәйкес «Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» ереже қабылданды. Осыған байланысты өсімдік шаруашылығы бойынша су басудан келтірілген шығындарға өтемақы төлеу үшін аудандар мен қалада арнайы комиссиялар құру жұмыстары жүргізілуде. Олар су тасқынынан келтірілген залалды есептейтін болады.

Оның айтуынша, жалпы республика бойынша шаруалардың егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жоспарланған межеде өткізуін қамтамасыз ету үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қосымша қаржы көзі тартылып, Батыс Қазақстан облысына тағы 7,0 млрд теңге бөлінді. Несие шаруаларға 5 пайызбен, кепілдік мәселесін жеңілдету арқылы, яғни «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның 85 пайыз кепіл болуымен егін егу және егін ору жұмыстарын жүргізу үшін беріледі.

Бүгінгі таңда облыс диқандары 119 мың гектарға жуық (62 пайыз) алқапқа дәнді дақылдар, 41 мың гектардан астамға (36 пайыз) майлы дақылдар және 13,5 мың гектардай жерге (31 пайыз) мал азықтық дақылдар екті. Мұның сыртында 745 га алқапқа картоп, 418 га көкөніс, 281 га бақша (15 пайыз) отырғызылды.

Биыл Батыс Қазақстанда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Дегенмен егіннің беталысы жаман емес.

Былтыр күзде 2024 жылдың өніміне 97,1 мың га күздік дәнді дақылдар егілді, соның ішінде күздік бидай 90,1 мың га, қара бидай 6,6 мың га және тритикале 460 га.

Аудан әкімдіктерінің мәліметінше, сақталған егістің жағдайы мынадай: 31,2 мың гектары (32,2 пайыз) жақсы, 60,1 мың га (62 пайыз) қанағаттанарлық, 0,8 мың га (0,8 пайыз) нашар деп бағаланды. Есептен шығарылған күздіктер көлемі – 5,0 мың га (5 пайыз).

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Көктемгі егін егу жұмыстары: Аграрлық несие корпорациясы 2,4 млрд теңге бөлді

БҚО-да көктемгі дала жұмыстарына 8,5 тонна дизель отыны бөлінді

Дабыл мен үміт: Қазақстанда жаппай су тасқынынан кейін егін бола ма

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-07
Утром-8.53 ℃
Днем-4.86 ℃
Вечером-5.91 ℃
Ночью-6.95 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.11 м/с
2024-12-08
Утром-8.13 ℃
Днем-4.25 ℃
Вечером-5.78 ℃
Ночью-6.52 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра4.19 м/с