Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет қаулысына қол қойып, адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлінгенін мәлімдеді.

Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне 351 мыңнан астам дозасы мөлшерінде вакцина сатып алу үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 9,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылады.

Адам папилломасы вирусынан туындаған жатыр мойны обыры (ЖМО) – әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі, ол анықталған барлық жағдайдың құрылымында 13,1%-ға дейін кездеседі. Жыл сайын одан 300 мыңға жуық әйел көз жұмады. Қазақстанда ЖМО барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің басқа түрлері ішінде таралуы бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.

АПВ-на қарсы және ЖМО дамуымен күресудің жалғыз әдісі – вакцинация. ҚР Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және ДДҰ ұсынымын ескере отырып, АПВ-ға қарсы екпе салу 11 жастағы қыздарға 6 ай аралық мерзіммен екі рет жүргізілетін болады. Бұл ретте Қазақстанда АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайтын төрт валентті вакцина қолданылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.78 ℃
Вечером-12.01 ℃
Ночью-13.96 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.86 ℃
Днем-16.43 ℃
Вечером-19.12 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.71 м/с