Утильалым жыры: Бектенов нүктесін қойды

Премьер-министр Олжас Бектенов шетелден әкелінген көліктерді бастапқы тіркеу және кәдеге жарату төлемінің (утилизациялық алым) мөлшерлемесін төмендетуді орынсыз деп санайтынын хабарлады.

Депутаттар ұсынысы

Сенат депутаттары шетелден әкелінген көліктерді бастапқы тіркеу және кәдеге жарату төлемінің (утилизациялық алым) мөлшерлемесін төмендету мәселесін көтерген еді. Олардың айтуынша, кәдеге жарату төлемінің мөлшерін 150 мың теңгеге дейін төмендетіп, 5 жылдан аспайтын автомобильдер үшін 0,25 айлық есептік көрсеткішіне дейін ең төменгі бастапқы тіркеу құнын енгізген дұрыс болады.

Ескі көліктер көбейді

Депутаттарға берген жауабында Үкімет басшысы Олжас Бектенов 2022 жылы кәдеге жарату алымы 50% төмендетіп, әкелінген көлік құралдарын заңдастырғаннан кейін ескі машиналар көбейіп кеткенін хабарлайды. 2016-2023 жылдар аралығында Қазақстанда 817 мың жаңа жеңіл көлік құралы, сондай-ақ пайдалануда болған 386 мың автомобиль, оның 300 мың бірлігі заңдастыру шеңберінде (заңдастыруды есепке алмағанда – 86 мың бірлік) бастапқы тіркеуден өткен.

Утилизациялық алымнан түскен ақша қайда кетіп жатыр?

Үкімет басшысының мәліметінше, кәдеге жарату алымынан түскен 180 млрд теңге ақша жеңіл несие беру және лизинг арқылы автомашиналарды, ауыл шаруашылығы техникасы мен автобустарды жаңартуға бөлінген. Бұдан басқа, Экология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату алымы есебінен 2024-2026 жылдары экологиялық іс-шараларға 200 млрд теңге бағыттамақ.

“Орынсыз деп санаймыз”

«Автомобиль жасау секторы анағұрлым маңызды өсу серпінін көрсетіп отыр. Бүкіл өндірістің 44,3 % ие. Былтыр рекордтық нәтижемен 149 мың автомобиль шығарылды. Бұл автомобильдердің құнына кәдеге жарату төлемі кірмейді, ал бастапқы тіркеу алымы небәрі 923 (млн?)теңгені құрайды», — делінген жауапта.

Бектеновтың пікірінше, бұл шара өндірушілердегі технологиялық операциялардың тереңдеуіне әсер етеді, сонымен қатар компоненттік базаның дамуын ынталандырады.

«Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту және автопаркті жаңартуды ынталандыру мақсатында кәдеге жарату төлемінің мөлшерін азайтуды және ең төмен бастапқы тіркеу құнын енгізуді орынсыз деп санаймыз», — дейді Бектенов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.78 ℃
Вечером-12.37 ℃
Ночью-12.99 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.86 ℃
Днем-16.43 ℃
Вечером-19.12 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.71 м/с