Оралдағы зауытта жұмысшы қаза тапты
Ол станокта қысылып қалған.
Қайғылы оқиға 27 мамырға қараған түні болды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 2: 53-те жұмысшының кірпіш зауытында станокта қысылып қалғаны туралы қоңырау түскен. Бірнеше дене жарақатын алған 51 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
БҚО еңбек инспекциясы басқармасы қызметкердің қайтыс болу мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
– Нәтижелер тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Ол 10 жұмыс күніне созылады. Қажет болған жағдайда мерзім екі рет ұзартылуы мүмкін, – деді БҚО еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Арман Түйгінбетов.
Полицейлер кейінірек ақпарат беруге уәде берді.