Суға шомылу маусымы: қауіп пен қатер
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстағы шомылу маусымына дайындау мәселелері талқыланды. БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Махмуд Таңатов су айдындарының түбін тексеру және тазарту өтінімдер бойынша жүргізілетінін хабарлады. Алайда, бүгінгі күнге дейін жағажай иелерінен өтініштер әлі түспеген.
Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалыс, туризм және спорт үшін 31 орын белгіленді.
Су айдындарының түбін тексеру және тазалау түскен өтінімдерге сәйкес жүргізілетін болады.
Облыста 32 рамалық-модульдік бассейн бар, оның 11-і балалар лагерьлерінде (қала сыртындағы), 21-і мектеп жанындағы лагерьлерде жұмыс жасайтын болады.
Су айдындарының қауіпті, демалу және шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде 307 тыйым салу белгілері және 77 ақпараттық стендтер орнатылған.
2024 жылы су айдындарында 1 адам қаза болды. 2023 жылдың осы кезеңінде тіркелген жоқ. 2023 жылы 16 адам суға батып кетті, оның 4-уі бала.
Су айдындарында адам өлімінің негізгі себептері, тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылу, мас күйінде шомылу, жүзе алмау, балаларды қараусыз қалдыру.
Демалыс пайдалы және ол туралы тек жақсы естеліктер қалатындай болуы керек. Бұл үшін демалыс орындарындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы ұмытпауымыз қажет.
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 7 АЕК (24 150 тенге), заңды тұлғаларға 10 АЕК (34 500 тенге), мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті жазатайым жағдайларды болдырмау мақсатында:
– «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға;
– жүзудің шекарасын белгілейтін қалқы белгілерден кейін жүзуге;
– шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге;
– суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан, сондай-ақ, осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;
– жалған дабыл айқайларын беруге;
– мас күйде шомылуға;
– тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге тыйым салынады;
– балаларға ересектерсіз суға кіруге жол берілмейді.