БҚО-да экономикалық қылмыстан 628 млн теңге залал келген

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісінде жыл басынан бері 21 қылмыстық іс тіркелсе, соның 11-іне немесе 52 пайызына нүкте қойылды.

Көрнекі сурет

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Нұрбол Рахметовтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, аяқталған істер бойынша мемлекетке 628 млн теңге залал келтірілген.

Тыйым салынған мүлікті қосқанда, соның 93 млн теңгесі өтелді.

Нұрбол Жолдасұлының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде тергеу сотының шешімімен қылмыстық істер бойынша алынған 141 мың қорап темекі мен 30 мыңнан астам бөтелке алкоголь өнімін жою шаралары жүргізілуде.

Оның айтуынша, ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 589 қаулысымен «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілген болатын.

Кешенді жоспарды енгізудің нәтижесінде экономикадағы көлеңкелі айналымның деңгейі 2024 жылы 16,6 пайыздан, 2025 жылы 15 пайыздан аспауы керек.

Көлеңкелі экономика мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне елеулі зиян келтіреді және бюджетке қомақты салық түсімдерінің түсуіне жол бермейді.

Осылайша экономика мен заңды бизнестің қалыпты жұмыс істеуіне нұқсан келтіреді.

Экономикалық қызметтің барлық дерлік салаларына әсер ететін экономикалық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қаупін ескере отырып, олардың алдын алу және экономикалық қызмет саласындағы криминогендік жағдайды бейтараптандыру құқық бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық, басым бағытына айналды.

«Департамент бюджет қаражатының жымқырылуын болдырмауға және оларды талан-таражға салуға жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Сондай-ақ сот үкіміне сәйкес барлық тәркіленген темекі өнімдері жойылуға жатады. Қаржы пирамидаларымен күрес жұмыстары да ұдайы назарда», -деді Н.Рахметов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Кейбір экономикалық қылмыстар үшін жаза жеңілдейді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-10
Утром-28.19 ℃
Днем-17.71 ℃
Вечером-12.4 ℃
Ночью-10 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.14 м/с
2026-03-11
Утром-2.53 ℃
Днем0.33 ℃
Вечером0.75 ℃
Ночью0.47 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра7.87 м/с