Елімізде енді көлікке салық салынған кезде оның жылы да ескерілмек

Қазақстанда енді көлікке салық саларда оның жылы да ескерілуі мүмкін.Үкіметте тиісті тарифтерді белгілеу жүргізіліп жатыр. Салық кодексіне өзгерістер енсе, ескі көлік айдап жүргендер аз мөлшерде салық төлейді.

Фото: ашық дереккөзден

Жеңіл автокөліктерге салынатын салық құны қазір көліктің қозғалтқышының көлеміне байланысты белгіленеді. Оның жаңа немесе ескі болуы маңызды емес. Кейде өте ескі көлікке салынатын салық құны жаңа жол талғамайтын көлікке белгіленген сомадан да асып кетеді. Енді әділдік болу үшін оның шыққан жылына да қарайтын салықтың сараланған тәсілі ұсынылып отыр.

“Ескі көліктер бойынша мәселелер әзірге үкіметтеқарастырылып жатыр. Дифференциалды салық жылына байланысты қолданайын деп жатыр. Соған байланысты төмен салықтарды қарастырып жатыр”, – деді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Бауыржан Бекмұратов.

Қоғамда мұндай жеңілдікке жол берсе, елде ескі көлік саны көбеюі мүмкін деген пікір бар. Бірақ көбі бұл бастаманы қолдайтынын жеткізді. Сарапшының пікірінше, ескірген көліктерге салық мөлшерін төмендеткеннен зиян жоқ. Елдегі көліктердің 50%-дан астамы тозғанын ескерсек, бұл салық ауыртпалығын жеңілдетеді дейді.

“Көлікке салатын салықты қайта қарайтын болса, көліктердің жылына қарай коэффиценттер бекіткені жөн. Өйткені жартылай тоқпен, жартылай жанармаймен жүретін көліктер де көбейіп жатыр. Қазір Қазақстандағы көліктердің жартысынан көбі 20 жыл бұрын шығарылған. Енді сол ескі мен жаңаны бірдей бағалауға келмейді”, – деді сарапшы Алексей Алексеев.

Статистикаға сүйенсек, қазір елде тіркелген көлік саны 5 миллионнан асқан. Оның 88%-ы жеңіл автокөліктер екен.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-13
Утром17.96 ℃
Днем28.03 ℃
Вечером28.45 ℃
Ночью24.7 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.38 м/с
2025-06-14
Утром21.36 ℃
Днем24.29 ℃
Вечером27.45 ℃
Ночью22.44 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.79 м/с