БҚО-да 57 486 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істеп тұр

Соңғы бес жылда аталмыш нысандар 9,1 трлн теңгенің өнімін шығарса, соның 2 319 млрд теңгесі өткен жылдың үлесіне тиеді. Жыл басында 125,4 мың адам жұмыс істесе, бұл өткен жылғы осы кездегіден 2,5 пайызға артық.

Фото: ашық дереккөзден алынды

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 2 403,1 млн теңге, несиелерді ішінара кепілдендіруге – 170,1 млн теңге, гранттық қаржыландыруға 142,1 млн теңге бөлінді.

Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі бойынша 334, ішінара кепілдендіру үшін 52, мемлекеттік гранттар беру бағытында 29 жобаны мақұлдау жоспарланған.

«Биылғы жылдың төрт айында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі бойынша 135 жоба мақұлданып, субсидия төлемі 1 174,4 млн теңге болды. Несиелерді ішінара кепілдендіру аясында 50 шартқа (85 млн теңге) қол қойылды», – деді басқарма басшысы.

Н.Өтепбаевтың айтуынша, 2023 жылы бұл мақсатқа 2 млрд теңге қаралды. Жыл қорытындысы бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі аясында 429 шартқа (1 681,5 млн теңге) қол қойылды. Несиелерді ішінара кепілдендіру үшін 331 шарт (162,8 млн теңге) жасалды. Мемлекеттік гранттар бойынша 137,8 млн теңгеге 33 жоба қолдау тауып, қаржыландырылды.

Батыс Қазақстанда 1 мамырдағы мәлімет бойынша 57 486 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істеп тұр. Соңғы бес жылда аталмыш нысандар 9,1 трлн теңгенің өнімін шығарса, соның 2 319 млрд теңгесі өткен жылдың үлесіне тиеді. Жыл басында 125,4 мың адам жұмыс істесе, бұл өткен жылғы осы кездегіден 2,5 пайызға артық.

«2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020, 2025», «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба» аясында мемлекеттік қолдау шараларымен 146,9 млрд теңгеге 16 мың жоба қаржыландырылды. Құпталған жобалар нәтижесінде 30 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 7 мыңнан астамы жаңадан ашылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады», – деді Н.Өтепбаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-16
Утром12.92 ℃
Днем20.82 ℃
Вечером21.14 ℃
Ночью14.83 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра4.66 м/с
2025-05-17
Утром12.36 ℃
Днем21.78 ℃
Вечером19.43 ℃
Ночью15.67 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.44 м/с