БҚО-да жыл басынан бері балалардың қатысуымен 46 ЖКО тіркелген

Биылғы жылдың басында облыс бойынша 228 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 27 адам қаза тауып, 318 адам жарақат алды.

Соңғы уақытта облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың басқаруындағы көліктермен орын алған жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті, нәтижесінде өліммен аяқталған оқиғалар да болды.

Мәселен 1 сәуірде Орал қаласында кәмелетке толмаған жүргізуші Lada 219220 автокөлігін басқарып, Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы аялдаманың жанында 37 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Нәтижесінде жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханада қайтыс болды.

Сондай-ақ 11 мамырда Ақсай қаласында кәмелетке толмаған жасөспірім Suzuki автокөлігімен 3 жасар баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала ауруханада көз жұмды. 27 мамыр күні кешкі уақытта Орал қаласында Л.Чайкин және Көкшетау көшелерінің қиылысында скутер мен Hyundai автокөлігі соқтығысқан.

Нәтижесінде скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша апатқа қатысушылардың әрқайсысының кінәсі анықталады.

Барлық фактілер ата-аналар мен заңды өкілдер тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан орын алуда. Олар қылмыстық іс аясында жауапкершілікке тартылады.

Айта кету керек, биылғы жылдың басында облыс бойынша 228 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 27 адам қаза тауып, 318 адам жарақат алды. Балалардың қатысуымен 46 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның ішінде төрт бала қаза тауып, 54-і түрлі дене жарақаттарын алған.

Осыған байланысты БҚО полиция департаменті жүргізушілерге және жас жаяу жүргіншілерге аса мұқият болу қажеттілігін ескертеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.04 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с