Батыс Қазақстан жұртын шыбын-шіркей әлекке салуда
Бүгінде тұрғындар көшеге шығудан қалған. Әсіресе мұндай жағдай Орал қаласы мен Жайықтың жағасында орналасқан елдімекендерде белең алып отыр.

БҚО тұрғындары үшін жәндіктер осы көктемде басты мәселеге айналып отыр. Көптеген адамдар аялдамаларда, саябақта немесе далада, өзендердің жағасында серуендеу кезінде қансорғыштардың құрбаны болғанын жарыса салуда. Энтомологтардың айтуынша, қан соратын жәндіктердің мұндай көлемі су тасқынының орын алуымен байланысты.
Оралдағы тұрғындар үшін де жәндіктерден құтылу жолы ең өзекті тақырып болып отыр. Бұл аймақта әсіресе балалар мен егде жастағы адамдар зардап шегуде.
Орал тұрғыны Тимур Иманғалиев екі жасар қызын үш күн дегенде жәндіктің азабынан құтқарғанын айтады. Кешкі серуеннен кейін, қыз көзінің ауырып тұрғанын жеткізген, қансорғыштың шағып алғанын түсінген ата-ана мәселеге аса назар аудармапты. Ал, таңертең бүлдіршін көзін ісіктен аша алмай қалған. Осылай, тұрғын дәрігердің нұсқауымен үш күн бойы дәрілік ем жасап, ісікті әрең қайтарған.
«Балама қарап, жанып ашып кетті. Ол көзі енді көрмей қалады деп қатты қорықты. Қансорғыштың уын үш күн дегенде әрең қайтардық», деп жеткізді ол.

Орал тұрғыны Әлия Асқарова зиянкеске қарсы антигистаминдік препараттарды қабылдау үнемі ұйқыға тартатынын айтты.
«Бұл жай ғана сұмдық! Қансорғыш шағып алғаннан кейін, дәріханадан антигистаминдерді сатып алдым. Бағасы да арзан емес екен. Оны қолданғаннан кейін, үнемі ұйқы қыса береді, жұмыс істеуден қалдым»,-деп бөлісті ол.
Жәндіктерден құтылудың түрлі амалын жасап жатқан Оралдықтар, дәстүрлі ем көмектеспейді дейді. Сонда да адамдар, даршын, қалампыр, цитрус майларын қолдануда, бірақ әсері шамалы. Қалампыр майы бұл мәселеде таңдаулылардың бірі болып тұр. Оның бағасы — 1100-1500 теңге аралығында. Алайда қазір оны Орал қаласында күндіз шаммен іздеп табу мүмкін емес. Сондай-ақ, танымал құралдары арнайы кремдер, ал олардың бағасы 500-ден 700 теңге аралығында.
Амалы таусылған тұрғындар бүгінде бүркеме торы бар қалпақтарға көшкен. Бірнеше апта бұрын балық аулау дүкендерінде оны 480-500 теңгеге сатып алуға болатын. Қазір базарлар мен дүкендерде мұндай шляпаның бағасы 1200-1500 теңгеге дейін өсті.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Орал травматикалық пункттеріне тәулігіне осы мәселе бойынша қанша адам шағымданатынын нақты айта алмаса да, мұндай өтініштердің едәуір көп екенін растады.

БҚО бойынша энергетика және ТКШ басқармасы 2024-2025 жылдарға 187 млн теңге сомасында (2024 ж. – 105,4 млн теңге, 2025 ж. – 81,6 млн теңге) дезинсекциялық жұмыстарға ЖК-нің біреуімен екі жылдық шарт жасасқанын айтты. Энтомологтар 9 сәуірде Орал қаласының маңындағы аймақта, сондай-ақ бірнеше елді мекендерде масалардың болуына байланысты су қоймаларын бақылауға кірісті. 18 сәуірден бастап 3000 гектардан астам масаға қарсы 20 рюкзак бүріккіш дезинфекциялық құрал өңделді.
Мамыр айында дезинсекторлар өңдеудің екінші кезеңіне кірісті: 4 аэрозольді желдеткіш бүріккіш пен 4 аэрозольді генератор қондырғысының көмегімен ұшатын қансорғыштарды улай бастады.
Мердігер «Бактицид», «Агран» және «Циперметрин» препараттарын пайдаланады. Барлық препараттардың ЕАС мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, сәйкестік туралы декларациясы бар және ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген.
Мердігердің өкілі Юлия Майер хабарлағандай, өңдеу кешке және таңертең орман алқаптары мен орман белдеулерінде, Оралға кіре берісте және саяжайларда жүргізіледі.
Бірақ неге қала көшелерінде қансорғыштар азаймай тұр? Юлия Майер бұған екі себеп бар екенін атап өтті-қаланың айналасындағы су тасқынынан кейін судың тым көп жиналуы, нәтижесінде жәндіктердің өсіп-өну аумағы бірнеше есе өсті. Екіншісі — қалада иіске қарсы өңдеуге ақша жеткіліксіз, облыс әкімдігі бөлген сома барлық жәндіктерді жоюға жұмсалатын шығындарды өтемейді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралдағы шыбын-шіркейді жоюға ТКШ басқармасы бюджеттен қосымша 105 млн теңге сұрайды
