Интернет балалар үшін несімен қауіпті болуы мүмкін: полиция ескерту жасады

Полиция ата-аналарға балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады.

Фото: ашық дереккөзден

Полиция жазғы демалыс алдында интернеттің балалар үшін несімен қауіпті екенін саралады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оң-солын дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы мүмкін. Әр түрлі сайттарға кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, кәмелетке толмаған бала бейтаныс адамдармен виртуалды байланысқа түседі.

Бөтен адамның ықпалына тез беріліп, бала өзінің “жаңа досына” банк картасының нөмірі, телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздерін, тұрғылықты мекенжайы туралы айтып қоюы мүмкін.

Сонымен қатар күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар. Одан бөлек, жеткіншек ақша табу мақсатында закладчик-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалуы мүмкін.

Полиция ата-аналарға балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:

  • Баланың мінез-құлқы мен жаңа қызығушылықтарына назар аударыңыз;
  • Егер бала интернетте алған тапсырмаларды өмірде орындаса, оған тез арада назар аударыңыз;
  • Мазмұны кәмелетке толмағандарға теріс әсер етуі мүмкін ресурстарға шектеу қойыңыз; – Балаға жеке ақпаратты жарияламау керектігін үйретіңіз;
  • Әлеуметтік желілерде балаңыздың қандай топтар мен қауымдастықтарға жазылғанын қадағалаңыз;
  • Балаға бөтен адаммен сөйлесудің қауіпті екенін түсіндіріңіз;
  • Ықтимал қауіп анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлаңыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром16.68 ℃
Днем25.5 ℃
Вечером23.2 ℃
Ночью17.92 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра5.17 м/с
2026-06-14
Утром17.42 ℃
Днем23.88 ℃
Вечером19.91 ℃
Ночью19.55 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра4.79 м/с