Су тасқыны және ТЖ: Батыс Қазақстанда екі жүзден астам үй тұруға жарамсыз болып шықты

Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін мамандандырылған алаңда болды.

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған алаң БҚО цифрлық технологиялар басқармасының базасында су тасқынынан зардап шеккен үйлерді техникалық тексерумен және азаматтарға көмек көрсету үдерісін жеделдету мақсатында құрылған.

Қанат Шарлапаев азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюдың маңыздылығын атап өтіп, барлық қажетті іс-шараларды жеделдетуді тапсырды.

Сонымен қатар, министр көмек пен ресурстарды тең бөлу үшін сапалы және нақты техникалық зерттеулер жүргізу қажеттігін туралы айтты.

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан екі жүзден астам үй тұруға жарамсыз болып қалған.

Министрліктің мәліметі бойынша, Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында құрылысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған.

«Қаратөбе ауданында 97 үй зардап шексе, оның 90 үй тұруға жарамсыз, 7 үй жөндеуді қажет етеді. Құрылыс сатысында 90 үй тұр, оның ішінде жаңа алаңда 72, бұрынғы учаскелерде 18 үй салынып жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Сырым ауданында 257 үй зардап шекті: 114 үй тұруға жарамсыз, 149-ы жөндеуді қажет етті. 114 үй құрылыс сатысында, оның ішінде 51 үй жаңа алаңда, 63 үй бұрынғы учаскелерде салынып жатыр.

Теректі ауданында 45 үй бүлінген, 23 үй жарамсыз, 21 үй жөндеуді қажет етеді, 1 үй сатып алынды. Құрылыс кезеңінде жаңа алаңдарда 18 үй салынып жатыр.

Нысандарды тексеру барысында Қанат Шарлапаев нысандарды құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром18.14 ℃
Днем24.7 ℃
Вечером23.68 ℃
Ночью17.53 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.89 м/с
2026-06-14
Утром17.4 ℃
Днем25.36 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью19.73 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.58 м/с