Батыс Қазақстанда киік егістік алқаптарына кіріп кетіп жатыр

Батыс Қазақстан облысында киіктер егістік алқаптарына да кіріп кетіп жатыр.

«ОА»  фотоқорынан

Тасқала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Самиғолла Шүкіровтің мәлім еткеніндей, Мерей ауылдық округінде «Бірлік +» шаруа қожалығының 460 гектар егіс алқабына күніне 30-50 бас киік келеді.

Оның сөзіне қарағанда, Достық ауылдық округінде «Карен» шаруа қожалығының 330 гектар бидай алқабына да киік түсіп жатыр.

«Аудан бойынша бес ауылдық округ егін егеді. Киіктер егінге өткен жылы түсіп, тапаған еді. Биыл да солай. Сонымен қатар Қазақстан, Шежін, Мереке ауылдық округтерінің шабындық-жайылымдарында, Жайықбай каналы бойында 300-500-дей киік жүр. Биыл шөп қою болғанымен, аласа. Оны да киік жеп жатыр», деді С.Шүкіров.

Киік негізінен БҚО-ның Жәнібек, Казталов, Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарын көбірек мекендейді. Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, жағдай биыл күрделі.

«Қыстан мал арық шықты. Шығын да баршылық. Шаруа қожалықтары өткен жылдардан қалған мал азығы қорын тауысты. Биыл екі айдан бері жаңбыр жауған жоқ, шөптің шығымы нашар. Оның үстіне киік көбейіп, малмен бірге жайылып жүр. Қазіргі кезде ауданнан тысқары жерлерден мал азығын жинау мәселесі қарастырылып жатыр. Оған қоса осыған байланысты ауданда төтенше жағдай жариялау керектігі туралы ұсыныс түсіп жатыр», — деді Н.Даумов.

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов көктемгі әуе санағының қорытындысы бойынша Орал популяциясындағы киіктердің саны 1 млн 620 мың басқа жеткенін мәлімдеді.

Әйтсе де, бұл есепке киіктің биылғы төлдері кірмеген. Аталған аудандар тұрғындары мен шаруа қожалықтарының өкілдері киік саны бұдан да көп екенін айтады.

«ҚазАқпарат» ХАА

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-13
Утром-4.39 ℃
Днем-1.36 ℃
Вечером-2.72 ℃
Ночью-4.09 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.3 м/с
2026-01-14
Утром-7.63 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-8.04 ℃
Ночью-8.74 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.38 м/с