Су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды

Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді.

«ОА» мұрағатынан

Еліміздің су қоймаларына 75 миллиард текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық, деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жиналған судың 12 миллиардтан астамы – тасқын суы.

«Салыстыру үшін айтсақ, былтыр еліміздің ауылшаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы еліміздің қажеттілігі үшін жаратылған судың көлемі — 24,4 млрд текше метр», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетері, Қазақстанның су қоймалары 89 млрд текше метр су жинай алады.

«Елімізде тасқын суын жинау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді», — деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-22
Утром-12.89 ℃
Днем-10.61 ℃
Вечером-10.85 ℃
Ночью-12.82 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-23
Утром-13.57 ℃
Днем-11.93 ℃
Вечером-15.34 ℃
Ночью-19.53 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.36 м/с