325 млрд теңге қайтарылды: олигархтардан тәркіленген ақша қайда жұмсалады

Қазіргі кезде заңсыз активтерді қайтару бойынша арнайы комиссия құрылған.

exk.kz

Бас прокуратура елдің пайдасына қайтарылған заңсыз активтердің қалай жұмсалатынын түсіндірді.

Қазіргі кезде заңсыз активтерді қайтару бойынша арнайы комиссия құрылған. Оған премьер-министр басшылық етеді. Негізгі мақсат – мұндай активтерді Қазақстан тұрғындарының игілігі үшін заңды айналымға шұғыл тарту.

«Қазіргі уақытта Бас прокуратура елдегі 1 мыңнан астам және шетелдегі 150-ден астам мүлік объектілері туралы мәліметтерді талдауда. Талдаумен тағы 600 млрд теңгенің бағалы қағаздары қамтылған. Елімізде 200-ден астам және шетелде 140 банк шоттары анықталды. 2 трлн теңгеге жуық күдікті транзакциялар тексеріліп жатыр», – дейді прокурорлар.

Осы жұмыстың нәтижесінде 325 млрд теңгеден астам сомаға активтерді мемлекетке қайтару туралы келісімдер мен талаптар мақұлдады. Соның

272 млрд теңгесі – ақшалай қаражат. Бұның барлығын маңызды әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыруға жұмсайды.

Сондай-ақ еліміздегі және шетелдегі құны 50 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке берілді. Олардың ішінде бірқатар стратегиялық кен орындары, монополистік компаниялар, ондаған мың гектар жер, сондай-ақ өндіріс объектілері, қонақ үйлер, бизнес орталықтары, виллалар, пәтерлер, сәнді көліктер, зергерлік бұйымдар және тағы басқа активтер бар.

Ал тізімге енген кейбір субъектілер өз еркімен жалпы құны 30 млрд теңгені құрайтын жоғары технологиялық инвестжобаларды жүзеге асыруға міндеттеме алды. Олардың ішінде құбырлар, қаптамалар, химиялық, азық-түлік және тағы басқа өнімдерді шығаратын өндіріс нысандары бар. Осылайша, кемінде

300 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Ал жылдық салық төлемдері

1 млрд теңгеден асады. Тізімде тұрған тұлғалар өз еркімен ерекше қажеттіліктері бар адамдар және басқа да әлеуметтік осал топтар тегін пайдалана алатын заманауи мәдени-ағарту орталығын салынуға міндеттеме алды. Ол нысанның құны –

5 млрд теңге. Бас прокуратура заңсыз шығарылған активтерді мәжбүрлеп қайтару шараларына да жауапты. Мәселен, 11 млн АҚШ долларынан астам қаржыны, сондай-ақ

400 млн теңге сомасына зергерлік бұйымдар мен мәдени құндылықтарды мәжбүрлеп қайтару туралы сот шешімі күшіне енді.

Жалпы, 2022 жылдан бастап экономиканы демонополизациялау шараларын қоса алғанда жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңгенің активтері, соның ішінде шетелден

750 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.79 ℃
Днем-13.44 ℃
Вечером-18.12 ℃
Ночью-20.33 ℃
Влажность67 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.1 ℃
Днем-14.7 ℃
Вечером-14.13 ℃
Ночью-13.62 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.65 м/с