БҚО-да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға баспана беріле бастады

Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына алынды.

Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына алғашқы баспаналар беріле бастады.

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған 52 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына алынды.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беріп жатыр.

Батыс Қазақстандық Ризабек Айтқалиевтың саяжайдағы жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған. Бүгін ол жаңа пәтеріне кіріп, мемлекеттің қолдауына алғысын білдірді.

Жұбайымыз екеуміз 2-ші саяжай учаскесінде тұрдық. Су тасқыны кезінде жалғыз үйіміз суға кетті. Мемлекет бізді далада қалдырмады. Бүгін міне жаңа пәтерге қоныстанып отырмыз. Президентімізге рақмет, – деді Ризабек Айтқалиев.

Жаңа қоныс иелерінің бірі – Ералиева Рита. Бұл жанұяның да қуанышында шек жоқ.

Қиын күндер артта қалды. Жақсылықтан үмітімізді үзбедік. Мемлекет тарапынан жасалған қолдау бізге демеу болды, – деді ол.

Осылайша Орал қаласында жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-16
Утром-2.16 ℃
Днем-5.34 ℃
Вечером-10.16 ℃
Ночью-10.61 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра10.11 м/с
2025-02-17
Утром-14.42 ℃
Днем-9.86 ℃
Вечером-12.19 ℃
Ночью-14.69 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.69 м/с