Енді жемқорлар тізімі жариялануы мүмкін

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлыққа қарсы күресу үшін заңды жетілдіріп жатыр.

Көрнекі сурет

Не болды

Агенттік әзірлеген заң жобалары Мәжілістегі жұмыс тобында қаралып жатыр:

– «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Түзетулердің басым бөлігі жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Онда төмендегі нормалар енгізіледі:

– Жемқорлардың жария тізілімін енгізу қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын тудыруға ықпал етеді – адамның жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпарат жария етілсе, ал жемқорлық қылмысын жасау дерегі ұят іс-әрекет саналады.

– Пара беру туралы уәдені/ұсынысты криминализациялау және мұндай ұсынысты қабылдау қоғамда тиісті мәдениетті қалыптастырады.

– Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін шенеуніктердің, жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін күшейту бойынша түзетулер көзделген (айыппұлдар еселеп өседі, ескіру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзарады).

Параны берген де, алған да жазаға тартылады

Тұрмыстық жемқорлықты жою бөлігінде банктердің, жоғары оқу орындарының, ауруханалардың және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлерінің бопсалау арқылы заңсыз сыйақы алу фактілерін ашудың тиімділігін арттыру бойынша түзетулер көзделген. Қылмыстық кодекс сыйақыны заңсыз бергені үшін жаңа баппен толықтырылады. Бұл тек алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-12.59 ℃
Днем-13.17 ℃
Вечером-14.85 ℃
Ночью-17.01 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.45 ℃
Днем-12.67 ℃
Вечером-13.14 ℃
Ночью-14.44 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.75 м/с