ОРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛҒАШҚЫ ПӘТЕРЛЕРІН АЛДЫ

5 маусымда Нұрлан Смағұлов қоры су тасқынынан зардап шеккен Орал тұрғындарына пәтер кілттерін табыс етті. Алғашқы алты пәтер салтанатты жағдайда – қоныс аударушыларға берілді, армандаған шаршы метрмен қоса тұрмыстық техника сыйға тартылды.

–«Біз Бірінші Саяжайдағы үйде 12 жыл тұрдық. 21 сәуірде су келді және сол күннен бастап бүгін біз эвакуациялық пунктте тұрдық. Бәрімізге бір бөлмеде өмір сүру керек болғаны ең қиыны болды: балалар ауырып, бір-біріне жұқтырды. Менің балаларым пневмониямен ауырып шықты. Бірақ бүгін таңертең бізге пәтер берілетін хабарлады,енді қуанышымыздың шегіжоқ.Біз өз үйімізде тұрамыз, бұл үшін баршаңызға көп-көп рахмет»– дейді қуанышын жасырмай-ақ Констанция Батырғалиева.

Батырғалиевтер отбасында бес бала және ең кішісі небәрі жеті айлық. Енді отбасы үш бөлмелі пәтерде тұрады.

Мәншүк Байшутова үлкен отбасымен бірге Констанция Батырғалиевамен көрші тұратын болады. Олар екі айға жуық жалдамалы үйлерде тұрғаннан кейін үшбөлмелі пәтер алды.

–«Біздің үйіміз «Зенит» саяжайларында болды, бізде екі рет су тасыды: 2011 жылы су тасқыны болды,бірақ бізге көмек берілмеді,ал қазір бізге жайлы жабдықталған үш бөлмелі пәтер берілді,»-дейді Мәншүк Байшутова естеліктерден көз жасын әрең ұстай отырып.

Көп балалы ана Лейла Шакирова да өз оқиғасымен бөлісті:

– Бі збірінші саяжайда тұрдық. Үйді су басқаннан кейін біз эвакуациялық пунктке көшіп, онда бір жарым ай тұрдық. Кеше кешке күйеуіме қоңырау шалып, келу керек деп айтты айтты. Біз келсек, бізге «үйлеріңізді алыңыз» дейді, қандай қуаныш!

Нұрлан Смағұлов қоры тұрғын үй сатып алу үшін барлығы 5,6 млрдтеңге бөлді. Бұл ақшаға 264 пәтер сатып алынды–75 бір бөлмелі,143 екі бөлмелі және 46 үш бөлмелі пәтер.

-Бүгін біз 6 пәтердің кілтін тапсырдық. Қалғандарында әзірге әрлеу жұмыстары жалғасуда, Нұрлан Смағұловтың атынан, қордан,»АстанаМоторс» компанияларымен қызметкерлерінен және MEGA саудаорталығынан Сіздерге шынайы қолдау сөздерін жеткізіп, осымен сіздің сынақтарыңыздың аяқталуын тілеймін, – деді Қор өкілі Мереке Сураганов.

Нұрлан Смағұлов қорынан жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру үш кезеңде өтеді. Екіншісі 31 шiлдеге және соңғы кезеңі 20 тамызға жоспарланған.

әріптес ақпары

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с