Тасқын: прокуратура Орал əкімдігінің 43 қаулысының күшін жою жөнінде сотқа талап-арыз енгізді

Түгендеу аяқталғаннан кейін басқа учаскелер бойынша мəселе шешілетін болады.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Бас прокуратура Батыс Қазақстанда су алып кеткен саяжайдағы үй иелеріне кезінде жер заңсыз беріліп кеткенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың сауалы

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан БАҚ ескертуіне қарамастан, БҚО билігі су келіп жеткенге дейін тиісті шара қолданбағанын айтқан еді. Су әбден тақағанда жергілікті атқарушы орган дүрбелеңге салынып, бүкіл республиканы дүрліктіріп, жан-жақтан техника мен еріктілерді алдыртқан. Депутат бұрын үй салуға беріліп кеткен жерлердің заңды-заңсыздығын тексеруді талап етіп, Бас прокуратураға сауал жолдаған еді.

Бас прокуратураның жауабы

Бірнеше өңір, оның ішінде Батыс Қазақстан бойынша жауап берген Бас прокуратура қаланың бас жоспарына сəйкес «Самал» шағын ауданы тұрғын үй жəне саяжай құрылысы аймақтарына жататынын, онда тиісінше тұрғын жəне саяжай үйлерін салуға жол берілетінін атап өтеді. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар осы ауданда жер учаскелерін беруден бас тарта алмаған. Расында да 2011 жылы көктемгі су тасқыны салдарынан аумақты, оның ішінде 221 тұрғын үй мен саяжайды су басқан.

«Орал қаласының прокуратурасы жерді қайтару бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін қала əкімдігіне ұсыну енгізді. Ол қаралып жатыр. «Нұрлы Жол» БС жер учаскелерін Орал қаласы мен Теректі ауданының Подстепное аулының əкімдіктері 2015-2018 жылдары берген. Бау-бақша өсіру жəне саяжай құрылысын жүргізу үшін жалпы ауданы 43 га барлығы 897 жер учаскесі берілген. Жерді берудің заңдылығын бұрын прокуратура зерделеген, нəтижесінде Жер кодексінің 126-бабын бұза отырып, учаскелер рекреациялық аймақта (халықтың демалысы мен туризмін ұйымдастыруға арналған) бөлінгені анықталды», — делінген жауапта.

Осыған байланысты материалдарды облыс прокуратурасы қылмыстық-процестік кодекс тəртібімен процестік шешім қабылдау үшін антикорға жолдаған. Сонымен бірге, Орал əкімдігіне заңдылықты жою туралы ұсыну енгізген.

«Венера» БС бойынша 2014-2017 жылдары əкімдік бау-бақша өсіру жəне саяжай құрылысын жүргізу үшін 712 учаске бергені анықталған. БҚО прокуратурасының ақпараты бойынша бұл аумақты су басқан жоқ. Бұл ретте, жердің бір бөлігі – тұрғын аймақта, енді бір бөлігі – жоғарыда аталған негіздер бойынша саяжай үйлерін салуға тыйым салынған рекреациялық аймақта орналасқан.

– Осыған байланысты бұзушылықпен берілген жерлерге түгендеу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Орал қаласының прокуратурасы əкімдіктің 43 қаулысының күшін жою туралы мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотқа талап арыз енгізді (игерілмеген учаскелерге). Түгендеу аяқталғаннан кейін басқа учаскелер бойынша мəселе шешілетін болады, – делінген жауапта.

Сондай-ақ Бас прокуратура, бұл мəселе бұрын БҚО бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан тексерудің нысанасы болғанын жəне оның негізінде 20 учаскені беру заңсыз деп танылғанын атап өтеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-21
Утром16.85 ℃
Днем25.05 ℃
Вечером24.12 ℃
Ночью21.21 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.5 м/с
2026-05-22
Утром11.64 ℃
Днем22.1 ℃
Вечером22.98 ℃
Ночью16.02 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра6.4 м/с