«Ескі Қазақстанның ескірмейтін жыры»: Депутат ШҚО-ны басқарған Даниал Ахметовке қатысы бар былықты жайды

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовке қатысты материалдарды құқық қорғау органдарына жіберуге уәде берді. Парламент мүшесі бұрынғы топ-шенеуніктің Тайвань арқылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) миллиардтаған долларлық қаражатын шығаруға қатысы бар деп күдіктенеді.

Фото: ашық дереккөзден

Нәтижесінде, қазір Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ. Депутат бұрынғы әкім Ахметовтың үстінен жиі арыз түсетінін айтады.

“Бір кездері жалғанды жалпағынан басып, Елбасының сенімді адамы атанғандардың бірі, жоқ бірегейі – Даниал Ахметовке қатысты арыздар легі тоқтар емес. Сол көп шағым ішінен біреуіне ғана тоқталайын.

Даниал Ахметов әкім боп тұрған кезде Өскемен және Семей қаласы көшелерін жарықтандыруға деп Европа қайта құру және даму банкі арқылы 3, 6 млрд, оған қосымша бюджет тарапынан 1, 2 млрд, барлығы 4, 8 млрд бөлінген екен. Бұл жобаны ДА тарапынан жеке лобби жасалғанына дәлел ретінде, оның әкім боп тұрғанда Европа қайта құру және даму банкінің Лондондағы офисіне келіссөз жүргізуге өзі барғанын айтады шағым иелері. Бірақ мәселе онда да емес, мәселе сол миллиардтаған қаражатқа қойдырған шамдардың басым бөлігінің жанып кеткендігінде және кепіл уақыты ішінде ауыстырылмауында. Нәтижесінде, Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ, алайда ол жағдай екі облыстың бюджетін ЕБРР (ЕҚДБ) алдындағы қарыз міндеттемелерінен босатпайды, деп жазады депутат.

Сонымен қатар, ол құжатарға сәйкес, осы күмәнді келісімге қатысқан екі компания белгілі болғанын айтады. Олар: 1. ШҚО әкімдігі ашқан «Региональный центр ГЧП ВКО» АҚ, 2. Тайваньда тіркелген «Everlight Electronics Co. LTD».

“Яғни, ұршықта айналған жіпті шетінен тарқататыны сияқты, тексеруді әкімдік жанынан құрылған мекемеден бастаса біраз дүниенің басы ашылары анық. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстандық ағайындардан түскен арыз бен өзім тарапынан қосымша сұратып алынған құжаттарды, тиісті құқық қорғау органдарына өз талдауыммен қоса жолдайтын боламын”, дейді Абзал Құспан.

Айта кетейік, Даниал Ахметов 2014 – 2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-12.59 ℃
Днем-13.17 ℃
Вечером-14.85 ℃
Ночью-17.01 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.45 ℃
Днем-12.67 ℃
Вечером-13.14 ℃
Ночью-14.44 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.75 м/с