Елімізде 1 шілдеден бастап шығарылатын дәрілер таңбаланады

Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап өндірілген дәрілерге ғана енгізіледі.

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өндірілген дәрілік заттар 1 шілдеден бастап таңбаланады. Бұл туралы үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.

Тиісті өзгерістер 2020 жылғы 10 қыркүйектегі үкімет қаулысына енгізілді.

Ведомствоның мәліметінше бұл дәріханалар мен дистрибьюторларға таңбалау кодтарын есепке алу және қадағалау үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын нақтылауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша 1 маусымдағы жағдай бойынша 383 көтерме қойманың 287-сі қажетті жабдықтармен жабдықталған, 15 өңірде тексеріс жүргізілді. Жақын арада қалған 5 өңір тексеріледі.

«Жалпы Қазақстанда цифрлық таңбалауды енгізу оң нәтиже берді: мысалы аяқ киімнің ресми (анықталған) импорты 2019 жылы 39,5 млн жұптан 2023 жылға қарай 54,5 млн жұпқа дейін өсті. Бизнеске аяқ киімнің қалдықтарын белгілеу үшін үш жылға жуық кезең берілді, бұл 2021 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың 1 маусымына дейін», – деп жазды премьер-министр сайты.

Сонымен қатар кеден қоймалары аяқ киімді таңбалауға дайын болмағандықтан өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне импорттаушылардың өз қоймаларында аяқ киімді таңбалауға рұқсат беру мәселесін пысықтау тапсырылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-08
Утром14.14 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером29.15 ℃
Ночью22.3 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра3.58 м/с
2025-07-09
Утром20.83 ℃
Днем29.89 ℃
Вечером31.33 ℃
Ночью24.39 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра2.97 м/с