Министрлік сұйытылған газ бағасын көтеруді жоспарлап отыр

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр.

Фото: egemen.kz

Энергетика министрлігі сұйытылған газ бағасын «осы отынды өндіру пайдасыз болуына» байланысты қайта қарайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда.

«Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге). Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін аздап өседі», — деп жазылған хабарламада.

Энергетика министрлігі бағаны көтеруге бірнеше себеп бар деп отыр:

Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша СМГ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды.

Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды.
Жылдан жылға СМГ тұтыну көлемі күрт өсіп жатыр. Өткен жылдың өзінде Қазақстанда тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28%-ға өсті. Мәселен, 2023 жылы СМГ тұтыну көлемі 2,2 млн тоннаны құрады (2022 жылы 1,8 млн тонна). Қазіргі таңда тапшылық деңгейі шамамен 20-25 %-ға жетеді.

Қазақстандағы СМГ ең төмен бағалардың бірі-аймаққа байланысты – 54-тен 86 теңгеге дейін. Салыстыру үшін Ресейде бір литр газдың бағасы 132 теңге, Әзербайжанда – 171 теңге, Тәжікстанда – 273 теңге.

Сарапшылардың болжамынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаны құрайды. Бұл жағдайда газ тапшылығы 30-40%-ды құрауы мүмкін.
Бұйрық жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-13.73 ℃
Днем-12.62 ℃
Вечером-14.54 ℃
Ночью-15.35 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.43 ℃
Днем-12.51 ℃
Вечером-13 ℃
Ночью-14.45 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.88 м/с