Су тасқыны. БҚО-да 90 үй салынады
Батыс Қазақстанның Қаратөбе ауданында тамыз айының соңына дейін 90 үй салынады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою мақсатында жұмысты жеделдету бойынша белсенді шаралар қабылдауда.
Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 90 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.
Құрылыс жұмыстарын тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар 13 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстанның Бөрлі ауданындағы зардап шеккен төрт ауылда – Ақсу, Аралтал, Кеңтүбек және Пугачевода су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 60 жаңа үйдің құрылысы жалғасуда. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.
Құрылыс жұмыстарын а. ж. қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 241 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 234-інде жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, 46 үй сатып алынды, тағы 20 отбасына баспана алу жоспарлануда.

ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 3 332 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:
— 401 тұрғын үй салу;
— 1 497 үй сатып алу;
— 1 434 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
