Оралдағы техникалық қызмет көрсету станциясы (ТКС) қызметкерінен қару-жарақ табылды

Ол қарудың бір бөлігін жұмыста, бір бөлігін үйде сақтаған.

Фото: policebqo

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында БҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласы тұрғынының жұмыс орнынан қолдан жасалған 5,6 мм шолақ тапанша тауып, тәркіледі. Сондай-ақ, оның тұрғылықты жерін тінту барысында оптикалық көздеуі бар пневматикалық тапанша тапты.

Фото: policebqo

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың қолдан жасалған атыс қару екені анықталды.

Фото: policebqo

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, 1-10 маусым аралығында өтіп жатқан республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шараның нәтижесі бойынша 119 қылмыс тіркелді. Тыйым салынған заттарды алып жүргені және сақтағаны үшін 22 азамат ұсталды, олардан 4 есірткі заты, 13 бірлік атыс қаруы, 229 оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған іс-шара барысында 4 111 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 401 ұсақ бұзақылық, 451 ішімдік ішу және қоғамдық орында мас күйде жүру. Сондай-ақ, көлік құралдарын масаң күйде басқарған 33 жүргізуші ұсталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-16
Утром8.11 ℃
Днем12.53 ℃
Вечером14.41 ℃
Ночью13.03 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.72 м/с
2025-03-17
Утром7.31 ℃
Днем9.94 ℃
Вечером10.78 ℃
Ночью9.98 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра5.54 м/с