Қарумен қашқан сарбаз 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сонымен қатар сотталғаннан іс жүргізу шығындары және Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілді.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында өзіне сеніп тапсырылған қарумен әскери қызметін тастап, қашқындық жасау, автокөлікті айдап кету және қарақшылық жасау деректері бойынша (ҚК-нің 442-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 1-бөлігі, 200-бабының 4-бөлігі бойынша) айыпталған қатардағы жауынгер Молдавскийге қатысты үкім жарияланды, – деп хабарлайды azh.kz.

Сотта сотталушы қатардағы жауынгер «М» әскери қызметтің ауыртпалығына төтеп бере алмай, өзіне сеніп тапсырылған қызметтік қарумен әскери қызмет орнынан қашып кеткені анықталған.

Әрі қарай өз еркімен бөлімнен қашу кезінде жол жиегіндегі жәбірленуші «А»-ның басқаруындағы автокөлікті көріп, өзіне сеніп тапсырылған қарумен қорқытып, оған өзі көрсетілген бағытта жүруді талап еткен.

Көрсетілген жерге келгеннен кейін, сотталушы «М» «А»-ның сыртқы киімін иемденіп, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Оқиға болған күні сағат 13.00 шамасында қатардағы жауынгер «М»-ны әскери полиция қызметкерлері ұстаған.

Сотталушының кінәсі оның соталды тергеу барысында кінәсін мойындау түрінде процестік келісім жасауымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, жәбірленушілер және куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

Сот үкімімен қатардағы жауынгер «М» ҚК-нің 442-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 1-бөлігі, 200-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сотталған адамнан жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-23
Утром18 ℃
Днем24.58 ℃
Вечером25.49 ℃
Ночью19.79 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра6.36 м/с
2024-07-24
Утром16.2 ℃
Днем22.32 ℃
Вечером16.53 ℃
Ночью15.77 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра5.09 м/с