Орал базарындағы жарылыс: жансақтау бөлімінде жатқандар саны 4 адамға жетті

«Ел ырысы» базарында мал союға арналған орында газ баллонының жарылуы салдарынан жансақтау бөлімінде жатқандар саны 4 адамға жетті.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен нақтылағанындай, қазіргі кезде денесін күйік шалған 3 ер адам қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімшесінде ем алып жатыр.

«Тағы 4 ер адам политравма бөлімшесінде. Соның ішінде бұдан бұрын ауруханаға жатудан бас тартқан бір адам қайтып келді. Сонымен қатар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген жасөспірімнің біреуі жансақтау бөлімінде. Екіншісі политравма бөлімшесінде. Облыстың штаттан тыс бас травматологы және аталған ауруханалар басшыларының қатысуымен арнайы консилиум өткізілді. Сондай-ақ Астана және Алматы қалалары апаттар медицинасы орталығы реаниматологтарымен және комбустиологтарымен бірлескен телемедицина жүргізілді. Емдеу тактикасы келісілді», – деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мал соятын орында газ баллоны жарылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Оралда базардағы жарылыс салдарынан бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-19
Утром15.11 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером21.67 ℃
Ночью18.01 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра5.35 м/с
2025-06-20
Утром14.24 ℃
Днем19.93 ℃
Вечером21.98 ℃
Ночью15.74 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра9.94 м/с