Қатар инвесторы Tele2/Altel операторын 1,1 млрд долларға сатып алады

Нарықта жаңа мобильді оператор пайда болады.

Қатар инвесторы Tele2/Altel операторын 1,1 млрд долларға сатып алмақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Үкіметтің баспасөз орталығында министрге «Қатарға МТС (Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel) компаниясы қаншаға сатылады? Келісімшарт сомасын атасаңыз? Олар интернет желісін дамыту үшін не істеп, не салуы керек? Мұны қалай бақылайсыздар?» деген сұрақ қойылды.

Жаслан Мадиев нарыққа жаңа компанияның келуі бәсекелестікті күшейтетінін жеткізді.

«Менің ойымша, қатарлық жаңа инвестордың келуі – өте маңызды бастама. Ол жаңа инвестиция тартуға мүмкіндік беріп, инвесторлық базаны кеңейтіп, нарықтағы бәсекелестікті арттырады. Яғни жаңа мобильді оператор пайда болады. Мәміле сомасы – 1,1 млрд доллар. Негізгі инфрақұрылымға инвестиция тарту жоспарда бар. Мобильді оператордың міндетіне 5G базалық станцияларын салу кіреді. Бұл бәсекелестікті күшейтіп, (интернет) сапаны арттырады», – деді министр.

Айта кетейік, биыл 14 ақпанда Power International Holding атты қатарлық холдинг Tele2/Altel байланыс операторына иелік ететін «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясын сатып алуды жоспарлап отырғаны хабарланды.

«Қазақстан президенті мен Қатар әмірінің қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ тобы газ, энергетика және телекоммуникация салаларында 7 келісімге қол қойды. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және Power International Holding WLL қатарлық холдинг арасында телекоммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бар», – деп жазылған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясына «Қазақтелеком» АҚ иелік етеді. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры «Қазақтелеком» АҚ-ның мажоритарлық акционері саналады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Tele2 және Altel катарлық инвесторларға өтеді

«Қазақтелеком» Tele2 мен Altel-ді сататын болды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-18
Утром20.08 ℃
Днем29.49 ℃
Вечером30.89 ℃
Ночью26.05 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.12 м/с
2024-07-19
Утром19.84 ℃
Днем29.27 ℃
Вечером30.93 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.52 м/с