Қазақстанның +77 телефон кодында қалғаны дұрыс – министр Мәдиев

Министрлік халықаралық телекоммуникация одағымен тағы да келіссөздер жүргізіп, +7 телефон кодын өзгеріссіз қалдыруды жөн деп шешкен.

Министр не дейді

– Біз +77 кодын қолдану – адамдарға ыңғайлы деп ойлаймыз. Мысалы, ұялы телефондарда бағдарламалар бар ғой. Оларды ауыстырмас үшін, телефондардың байланыс нөмірлерін ауыстырмас үшін +77 ыңғайлы деп ойлаймыз. Сондықтан, соны қалдырған дұрыс деп ойлаймыз, – дейді ол.

+997-ге ауыстыру үшін біршама талқы, жұмыс атқарылды. Ол бағытта қанша қаражат кетті? Бұл сұрақ та Мәдиевке қойылған.

– Қанша қаражат кеткенін мен қазір айта алмаймын. Бірақ анализ, консультация бойынша +77 қалған дұрыс деп ойлаймыз, – дейді министр.

Шешім

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанның телефон кодын өзгеріссіз қалдыру жөнінде шешім қабылдаған еді. Ведомство 2021 жылы Қазақстанда +997 халықаралық телефон коды сақталғанын, алайда кейінірек жаңа кодқа көшірілетінін хабарлаған. Бірақ мұның бірқатар қаржылық және технологиялық проблемаларға әкеп соқтыратыны аталып өтеді.

«Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттерінде мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілерді және түрлі қосымшаларды алу үшін барлық сервистерде өз деректерін жаңарту қажеттілігі туындайды», — делінген хабарламада.

Министрлік халықаралық телекоммуникация одағымен тағы да келіссөздер жүргізіп, +7 телефон кодын өзгеріссіз қалдыруды жөн деп шешкен.

«Ресей мен Қазақстан Үкіметі арасында дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірленуін пайдалану туралы жаңа келісім жасасу мәселесі пысықталды», – деп толықтырды ведомстводан.

Қазір жобаны келісу бағытында Ресей нотасын алу күтіліп отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-24
Утром16.55 ℃
Днем21.71 ℃
Вечером23.87 ℃
Ночью17.14 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра3.72 м/с
2025-06-25
Утром16.57 ℃
Днем26.15 ℃
Вечером25.37 ℃
Ночью18.85 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.44 м/с