БҚО-ның бес тұрғыны су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жазаланды

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы-64 610 теңге.

«ОА» мұрағатынан

БҚО ТЖ департаментінің деректеріне сәйкес, өңірде жаппай демалу, туризм және спорт үшін 31 орын белгіленген. Оның 10-ы коммуналдық және 21-і жеке жағажайлар. Бірақ, бүгінгі таңда құтқарушылар үш жағажайды зерттеді, олардың тек екеуіне ғана жұмыс жасауға рұқсат берілді. Бассейндерге келетін болсақ, олардың саны облыста 37, оның 34 — і балалар лагерлерінде және үшеуі қосымша білім беру орталықтарында орналасқан. Айта кетейік, ТЖД ақпараты бойынша жүзуге 568 бала үйретілді.

– Құтқарушылармен патрульдеу күн сайын су айдындарының қауіпті және жабдықталмаған учаскелерінде жүргізіледі. Бүгінгі таңда 535 рейдтік іс-шара өткізіліп, сегіз мыңнан астам үгіт материалдары таратылды. Жыл басынан бері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін бес жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 64 610 теңге. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналар комитеттерімен, нұсқаушылармен, демалыс орталықтары мен жағажайлардың иелерімен бес ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар өткізілді. 2024 жылы су айдындарында бір адам суға батып кетті. 2023 жылдың ұқсас кезеңінде суға бату жағдайлары тіркелген жоқ. 2023 жылғы шомылу маусымында су айдындарында барлығы 14 адам қаза тапты, оның ішінде 4 бала, — деп хабарлады БҚО ТЖД.

Құтқарушылардың деректеріне сәйкес, шомылу маусымы кезінде ТЖ-ға ден қою үшін бес мобильді сүңгуір тобы, 20 жүзу құралы және патрульдеу үшін 12 автомобиль дайындалды, бұдан басқа 34 сүңгуірлік жабдық дайындалды. Су айдындарының қауіпті учаскелерінде 240 тыйым салу белгілері орнатылған.

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау жеке тұлғаларға 7 АЕК, заңды тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтай біліңіз:
1.Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.
2.Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз,тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.
3.Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек!
4.Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге болмайды!
Тыйым салынады:
-Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;
-Қатты толқын кезінде суға түспеу;
-Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу керек;
-Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;
-Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;
-Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.
Суда қауіпсіздік ережелерді сақтау қажет
Суға тек арнайы жерлерде түсу;
Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау;
Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу;
Таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу;
Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.
Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады;
Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;
Суға тек қасында үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Суға шомылу маусымы: қауіп пен қатер

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-18
Утром20.08 ℃
Днем29.49 ℃
Вечером30.89 ℃
Ночью22.76 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.12 м/с
2024-07-19
Утром19.84 ℃
Днем29.27 ℃
Вечером30.93 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.52 м/с