Коллекторлық агенттіктер азаматтардың қарызын қалай реттейді: ережелер әзірленді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларының жобасын дайындады.

Фото: ашық дереккөзден

Қаулы жобасы коллекторлық агенттіктердің құқықтарды (Талаптарды) беру шарты бойынша кредитор берген азаматтардың берешегін реттеу тәртібін белгілейді.

Құжатта келесі ұғымдар анықталған:

  • міндеттеме – қарыз алушының банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша (бұдан әрі – берешек), оның ішінде соттың шешімі бойынша немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алынған берешегі;
  • қарыз алушы – құқықты (талап ету) беру нәтижесінде міндеттемесі коллекторлық агенттікке өткен жеке тұлға;
  • коллекторлық агенттік – құқықты (талап ету) беру нәтижесінде қарыз алушының міндеттемесі оған өткен коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Коллекторлық агенттік басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны және (немесе) оның өкілін коллекторлық агенттікке жазбаша өтінішпен және (немесе) коллекторлық агенттікке «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) көзделген, идентификаттау құралдарын қолдану арқылы қарыз алушыға идентификаттау өткізуге мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері арқылы жүгіну құқығы туралы, міндеттемені орындау талаптарының өзгеруі туралы хабардар етеді.

Коллекторлық қызмет берілген міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) коллекторлық агенттік міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға тиіс.

Қарыз алушы толық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсынған кезде коллекторлық агенттік оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде сұратады. Қарыз алушы сұратылған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынадыСұратылған құжаттарды көрсетілген мерзімде ұсынбау қарыз алушының өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады, ол туралы коллекторлық агенттік 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жібереді.

Коллекторлық агенттік өтінішті және қарыз алушылар ұсынған мәліметтер мен құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушы ұсынған міндеттемені орындау талаптарындағы өзгерістерді жазбаша нысанда және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы қарайды, қарыз алушыға:

  • міндеттемені орындау талаптарының ұсынылған өзгерістерімен келісетіні;
  • міндеттемені орындау талаптарын өзгерту жөніндегі өзінің ұсыныстары;
  • осындай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлайды.

Коллекторлық агенттік қарыз алушы ұсынған міндеттемені орындау талаптарының өзгерістерімен келісетіні туралы шешім қабылдаған кезде міндеттемені орындау талаптарына өзгерістер енгізу не сот шешімін немесе нотариустың берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазбасын орындау талаптары туралы келісім жасасу тәртібі мен мерзімдері коллекторлық агенттіктің ішкі құжатымен айқындалады, бұл ретте мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі қарыз алушыға міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы қосымша келісімді не сот шешімін немесе нотариустың берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазбасын орындау талаптары туралы келісімді жіберген сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.

Коллекторлық агенттік міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өз ұсыныстарын жіберген кезде қарыз алушының коллекторлық агенттік ұсынған талаптарға жауап беру мерзімі коллекторлық агенттіктің хатында немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі және қарыз алушы коллекторлық агенттіктің шешімін алған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.

Міндеттемені орындау талаптарын өзгерткен кезде теріс шешім қабылдаған жағдайда, сондай-ақ қарыз алушы коллекторлық агенттіктің шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде коллекторлық агенттік пен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде, қарыз алушыға бас тарту беріледі.

Коллекторлық агенттіктің өтінішті қарауы қарыз алушыға міндеттеме бойынша мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу талабын белгілемей жүзеге асырылады.

Қарыз алушының шешімі бойынша міндеттеме не оның бір бөлігі бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу коллекторлық агенттіктің келісімі бойынша коллекторлық агенттік өтінішті қарағанға дейін жүзеге асырылады. Өтінішті қарау кезеңінде және қарыз алушыға шешім жіберілгенге дейін коллекторлық агенттік берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуды және міндеттеме бойынша талап-арыз жұмысын жүргізуді тоқтата тұрады.

Коллекторлық агенттік тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға:

  • қарыз алушылардың міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту туралы қаралған өтініштері туралы;
  • міндеттемелерді орындау талаптарына енгізілген өзгерістер туралы;
  • міндеттемелерді орындау талаптарына өзгерістерден бас тарту себептері туралы ақпарат ұсынады.

Коллекторлық агенттіктің берешекті реттеу жөнінде шешім қабылдау тәртібі

Коллекторлық агенттіктің міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдауы коллекторлық агенттіктің атқарушы органы бекітетін ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Коллекторлық агенттіктің ішкі құжаттарында:

  • берешекті реттеу туралы шешім қабылдау процесіне қатысатын коллекторлық агенттіктің лауазымды адамдарының, бөлімшелері мен қызметкерлерінің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;
  • міндеттемені реттеуге бағытталған қызметті жүзеге асыру барысында коллекторлық агенттік қызметкерлерінің қарыз алушымен және (немесе) оның өкілімен іс-әрекетінің әдеп стандарттары мен қағидалары, сондай-ақ өзара іс-қимыл қағидаттары;
  • міндеттемені орындау талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі мен мерзімдері;
  • қарыз алушылар санаттарының тізбесі;
  • қарыз алушылардың санатын растау үшін қажетті құжаттар тізбесі;
  • қарыз алушының санатына және міндеттемені орындамауға әкеп соққан мән-жайларға байланысты берешекті реттеу шаралары бойынша шешімдер қабылдау схемасы;
  • коллекторлық агенттіктің қалауы бойынша өзге де ережелер.

Жобаның толық нұсқасын көру үшін және 2024 жылғы 1 шілдеге дейінгі қоғамдық талқалауға қатысу үшін құжат «Ашық НҚА» порталына орналастырылған.

Zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-18
Утром20.08 ℃
Днем29.49 ℃
Вечером30.89 ℃
Ночью26.05 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.12 м/с
2024-07-19
Утром19.84 ℃
Днем29.27 ℃
Вечером30.93 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.52 м/с