Оралдықтар Шаған өзеніне моншадан шыққан суды төккен

Олар өзен суын бүлдіргені аздай, айналаны қоқыс тастайтын орынға айналдырған.

Орал қаласының тұрғындары моншадан шыққан шайынды суды Шаған өзеніне төккен, – деп хабарлады  «Астана» телеарнасы.

Енді суы ластанған өзенге шомылудың өзі қауіпті. Дабыл қаққан табиғат жанашырларының айтуынша, өзен жағасындағы үй иелерінің табиғатты ластағанына 20 жылдан асыпты. Олар өзен суын бүлдіргені аздай, айналаны қоқыс тастайтын орынға айналдырған.

Осы маңдағы 5-6 үйден шыққан тұрмыстық қатты қалдықтар көзден таса жерде тау-төбе боп үйіліп жатыр. Қоғам белсенділері мен құзырлы органдардың өкілдерінен құрылған арнайы топ жағдаймен танысып, кінәлілерге шара қолданатынын ескертті.

«Кезінде осы өзеннің суы таза болғаны соншалық – ішуге жарамды еді. Қазір моншадан шығатын лас суды өзенге ағызады. Кеше шайынды судың құбырмен өзенге құйылып жатқанын көргенбіз. Бүгін бәрін жинап алыпты. Айыппұл салады деп қорықса керек. Бірақ жағалауды осылай қалдыруға болмайды», – дейді қала тұрғыны Майя Сатыбалова.

Ал тұрғындар жақын жерде қоқыс контейнері жоқ екенін айтып ақталды. Әкімдік өкілдері бұл жерді тазалап, бейнебақылау камераларын орнататындарын мәлімдеді. Олар қоршаған ортаны қоқысқа толтырғандарды осылай анықтамақ.

«Өздеріңіз көріп тұрғандай, Шаған өзені бойында қоқыс көп. Оны біз әкімдікке, ТҮКШ бөліміне ескертіп, кінәлі адамдар болса, анықтап, тиісті шара қолданамыз», – деді БҚО ПД аға инспекторы Артур Құдысов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-18
Утром20.08 ℃
Днем29.49 ℃
Вечером30.89 ℃
Ночью22.76 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.12 м/с
2024-07-19
Утром19.84 ℃
Днем29.27 ℃
Вечером30.93 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.52 м/с