БҚО-да 326 дәрігер жетіспейді

Батыс Қазақстан облысында 326 дәрігер жетіспесе, соның 205-і қалалық, 121-і аудандық ұйымдарға қажет.

Ашық дереккөзден

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, облыста кадр тапшылығын төмендету мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда.

Мадияр Амангелдіұлының сөзіне қарағанда, өңірге медицина мамандарын тарту мақсатында интерн және резиденттермен кездесу өткізіліп тұрады. Сондай-ақ барлық бос жұмыс орындары мен ұсынылатын әлеуметтік пакеттер туралы ақпарат «Enbek.kz» порталында орналастырылған.

«Жыл басынан бері облысқа 31 маман келіп, жұмысқа орналастырылса, соның 23-і ауылдық жерлерге жіберілді. Оған қоса биыл жалпы медицина мамандығы бойынша жергілікті қазына қаржысы есебінен 60, резидентураға 23, республикалық бюджеттен резидентураға 286 грант бөлуге өтінім берілді»,-дейді М.Өтешев.

Басқарма басшысының айтуынша, облыс әкімдігі тарапынан медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау аясында бірқатар қолдаулар көрсетілуде.

Биылға дейін облыс орталығынан 500 және одан көп шақырым қашықтықта орналасқан аудандарға барған жас мамандарға 5 млн, 300 шақырым жердегілерге – 2,5 млн, жақын маңдағыларға – 1,5, қаладағыларға 1 млн теңге беріліп келген еді.

БҚО мәслихатының 2024 жылғы 16 ақпандағы шешімімен бұл қаржы көлемі едәуір көбейтілді.

Атап айтқанда, қалада орналасқан мамандар 1,5 млн теңге, аудандық медициналық ұйымдарға жіберілгендер үшін қашықтығына қарай 2,5 млн теңгеден 8 млн теңгеге дейін қарастырылған.

«Биыл 18 маман біржолғы көтермеақымен қамтамасыз етілсе, соның 13-і – ауылға барғандар. 10 дәрігерге қызметтік тұрғын үй берілді. Өткен жылы 92 маманға (47-сі ауылда) қолдау көрсетіліп, 33-і баспаналы болды. Мұндай қолдау алдағы уақытта да жалғасады»,-деді М.Өтешев.

Басқарма деректері бойынша қазіргі таңда облыста денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің медициналық ұйымдарында 1 756 дәрігер және 6 650 орта буын қызметкері жұмыс жасайды.

Өңірде 2024 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 96 млрд теңге (мұның 83,9 млрд теңгесі әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, 12,1 млрд теңгесі облыстық басқарма арқылы) бөлінді.

Бұл өткен жылғыдан (92,5 млрд теңге) 3,8 пайызға артық.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да 249 дәрігердің орны бос

БҚО-да шалғай ауылдарға еңбек етуге барған дәрігерлерге 5 млн теңге беріледі

Дәрігер тапшылығын жою үшін медицина мамандығына 6 мың грант бөлінді

БҚО-да жас дәрігерлер үшін 5 млн-ға дейін көтерме сомасы артады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-18
Утром20.08 ℃
Днем29.49 ℃
Вечером30.99 ℃
Ночью24.41 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.12 м/с
2024-07-19
Утром19.84 ℃
Днем29.27 ℃
Вечером30.93 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.52 м/с