Ресеймен шектесетін облыстарда шегірткеге қарсы бақылау күшейеді

Қажет болған жағдайда өңірлерге қосымша техника жеткізіледі.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Ресеймен шектесетін Қостанай және Ақтөбе облыстарынының аумағында шегіртке үйіріне қарсы бақылау күшейеді. Бұл туралы АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов айтты, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен шегірткеге қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штаб отырысы өтті. Онда Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарынан шегірткелердің ұшу қаупі жоғары аймаққа Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, үйірлі көші-қон жолдары өтетін Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары жататыны айтылды.

Сондай-ақ Ақтөбе облысы шегірткеге қарсы күрес басқармасы өңірлік орталығының штаб-пәтерін Әйтеке би ауданына көшіру туралы шешім қабылданды.

Қостанай облысының Жангелдин және Қамысты аудандарында көшпелі шегіртке үйірін жедел өңдеу үшін 21 техника жұмыс істейді. Шегірткелердің саны көбейген жағдайда қосымша техника жеткізіледі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, Ресей салалық ведомствосымен бірлескен қарсы іс-қимыл шаралары пысықталып жатыр. Қытай мен Өзбекстан шекарасында зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Отырыста АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов РФ-мен шектесетін Қостанай және Ақтөбе облыстарынының аумағында шегіртке үйіріне қарсы бақылау күшейетінін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде шегіртке үйіріне қарсы қорғаныс шаралары 1,3 млн гектарға немесе болжанған алаңның 51,7%-ына жүргізілді.

Италиялық прусқа қарсы химиялық өңдеу 920,6 мың гектарға немесе болжам аумақтың 44,5%-ына жасалды. Оның ішінде Қостанай облысында 184 мың гектар немесе қажет алқаптың 84%-ы, Ақтөбе облысында 431,5 мың гектар немесе 93%-ы өңделді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-15
Утром17.82 ℃
Днем16.33 ℃
Вечером18.56 ℃
Ночью15.36 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.34 м/с
2025-06-16
Утром16.17 ℃
Днем24.84 ℃
Вечером22.78 ℃
Ночью19.03 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.76 м/с