«Өлімге әкелуі мүмкін». Субұрқаққа суға түсу несімен қауіпті?

Субұрқақтар – қаланы көркейту элементтері. Олар ауаны ылғалдандырады және орналасқан жеріне эстетикалық түр сыйлайды. Ол суға түсуге арналмаған.

korabelov.info

Аптап ыстықта көлеңкеде отырғымыз келеді және салқындау суға түсіп, сергіп алғымыз келеді. Сондықтан көшеде келе жатып субұрқақ көрсеңіз, оған қол-аяғыңызды батырып алғыңыз келуі мүмкін. Ал балалар болса, тіптен, оның ішіне кіріп кетіп, суға түседі. Алайда бұл жаман идея. Massaget.kz субұрқаққа суға түсудің қаупін ұсынады.

Субұрқақтар – қаланы көркейту элементтері. Олар ауаны ылғалдандырады және орналасқан жеріне эстетикалық түр сыйлайды. Ол суға түсуге арналмаған.

Субұрқақтарға суға түсудің қаупі

Жұқпа жұтыру қаупі

Әдетте субұрқақтардағы су тазартылмайды және жаңартылмайды. Жазда субұрқақтардағы суға жануарлар мен құстар да келеді және олар түрлі инфекция тасымалдаушы болуы мүмкін. Ал жаздағы жоғары температура микроағзалардың көбеюіне ықпал етеді.

Субұрқақта ойнау жедел ішек және респираторлық жұқпаларға, конъюнктивитке әкелуі мүмкін. Сондай-ақ энтеровирустық, ротавирустық инфекция, вирусты А гепатитін жұқтыру қаупі жоғары.

Зақым алу қаупі

Судың астында әдетте құбырлар, сорғылар, жарықшамдар жасырынып тұруы мүмкін. Оған аяғыңыз ілініп қалып, құлауыңыз мүмкін. Оған қоса, субұрқақтың беті де тайғақ болады. Бұл одан тайып кетіп, құлауға және түрлі зақым алуға әкелуі мүмкін.

Өлім қаупі

Қауіпті жағдайлардың бірі – субұрқақта тоққа түсіп қайтыс болу.

Ересектер де, балалар да сақтық шараларын сақтау керек:

  • Қаладағы субұрқақтар суға түсуге немесе жуынуға арналмаған;
  • Далаға шығарда үйден суы бар бөтелке алып шығыңыз. Оны шөлдегенде ішуге және онымен қатты ыстықтағанда беті-қолыңызды шайып алуға болады;
  • Ауа райына сай киініңіз;
  • Суға түсу үшін рұқсат етілген бассейндер мен суқоймаларға ғана барыңыз;
  • Балаларға субұрқақта ойнаудың және суға түсудің қаупін түсіндіріңіз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-24
Утром16.55 ℃
Днем21.71 ℃
Вечером23.87 ℃
Ночью17.14 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра3.72 м/с
2025-06-25
Утром16.57 ℃
Днем26.15 ℃
Вечером25.37 ℃
Ночью18.85 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.44 м/с